
Ең бастысы – дұрыс команда
Біздің бүгінгі әңгімелесушіміз — Әділет Елеуов, Жоғары білім беру мектебінің магистранты. Әділет — Teachers Lab мұғалімдеріне арналған маркетплейстің негізін қалаушылардың бірі.
Соңғы іздеулер:

Біздің бүгінгі әңгімелесушіміз — Әділет Елеуов, Жоғары білім беру мектебінің магистранты. Әділет — Teachers Lab мұғалімдеріне арналған маркетплейстің негізін қалаушылардың бірі.

Жоғары білім беру мектебінің докторанты Қарабасова Лаура — біздің бүгінгі сұхбаттасушымыз. Лаура білім беру саласындағы докторантураны бітіріп, Назарбаев Университетінде постдокторант-зерттеуші ретінде ғылыми мансабын жалғастыруда.

Назарбаев Университетінде жасанды интеллектінің (ЖИ) озық әзірлемелері үшін ең жылдам есептеу станциясы орнатылды. Жұмыс станциясына кіретін NVIDIA DGX-2 екі сервері терең зерттеу (ағылш.

Өзінің пәндік саласын терең және толық түсіну; зерек ой, қызығушылық, жаңашылдық және кең ой-өрісі; салмақты шешімдерді алқалы түрде қабылдай білу; кәсіпкерлік, дербестік және жаңа мүмкіндіктер жасау қабілеті; жоғары деңгейде жеке ойлау қабілеті және елді дамытуда жетекші рөл атқаруға дайын болу – бұл Назарбаев Университетінің түлектері иеленуі тиіс кәсіби құзыреттердің кейбірі ғана. Бірақ бұл түлекке «үлкен төрттік» компаниясына жұмысқа орналасуға жеткілікті ме? Жұмысқа сәтті орналасу үшін университет түлегі не білуі керек? ЖОО бітіргеннен кейін түлек не алады?Осы және басқа да сұрақтарға бүгін біздің төрт сұхбаттасушымыз — Орталық Азиядағы 700-ден астам қызметкері және бүкіл әлем бойынша 210 000-нан астам қызметкері бар Қазақстан мен Орталық Азиядағы KPMG компаниясының өкілдері жауап береді.

Назарбаев Университеті кітапханасы Қазақстанның жоғары оқу орындары кітапханалары қауымдастығымен әріптестікте ұйымдастырған академиялық кітапханалардың IX Еуразиялық конференциясы (АКЕК-2020) 2020 жылғы 30 қыркүйек пен 2 қазан аралығында онлайн-форматта өтті. Іс-шара әлемнің 26 елінен келген 200-ден астам қатысушыны біріктірді.
![[su_slider source="media: 46834,46835,46836,46837,46838,46839" link="image" width="1600" height="900" title="no"]НУ Мансап және кәсіптік бағдарлау орталығы алғаш рет "Жұмыс берушілер мен жоғары оқу орындары арасындағы өзара әрекеттесу" тақырыбында онлайн-форум өткізді. Іс-шараға жоғары оқу орындарының мансап орталықтарының өкілдері, жұмыс берушілер, сондай-ақ мансапты дамыту және жоспарлау саласындағы мамандар жиналды.](https://nu.edu.kz/wp-content/uploads/2025/04/the-first-online-forum-of-career-centers-was-held-at-nu-1-768x432.jpg)
[su_slider source=»media: 46834,46835,46836,46837,46838,46839″ link=»image» width=»1600″ height=»900″ title=»no»]НУ Мансап және кәсіптік бағдарлау орталығы алғаш рет «Жұмыс берушілер мен жоғары оқу орындары арасындағы өзара әрекеттесу» тақырыбында онлайн-форум өткізді. Іс-шараға жоғары оқу орындарының мансап орталықтарының өкілдері, жұмыс берушілер, сондай-ақ мансапты дамыту және жоспарлау саласындағы мамандар жиналды.

2020 жылдың 7 қыркүйегінде Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебі (бұдан әрі — НУ ЖМСМ), Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы және Сингапур Ұлттық Университеті Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебі жүзеге асыратын «Жаңа формация көшбасшысы» бағдарламасының ресми онлайн ашылуы өтті. Ашылу салтанатына Қазақстан Респбликасы Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Тимур Сүлейменов, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы Анар Жайылғанова, Назарбаев Университетінің президенті Шигео Катсу, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл қатысты.

Біздің айналамыздағы әлем өте жылдам өзгеруде, қазіргі уақытта адамдардың бізге күнделікті міндеттердің барған сайын ең жаңа инновациялық шешімдері ұсынылатынына бойлары үйренген. Бүкіл әлемде, оның ішінде Қазақстанда, жоғары технологиялық шешімдерді іздеу бойынша зерттеушілердің күш-жігерінің арқасында біз өзімізді қоршаған әлемнің тіршілік ету үшін «ең жақсы орынға» айналуының куәсі болып отырмыз.

Назарбаев Университетінде DataSci клубының студенттері ұйымдастырған алғашқы виртуалды «NU Datathon» өтті. «NU Datathon» — бұл data science көмегімен кейстерді шешу бойынша екі күндік жарыс.

Назарбаев Университеті Басқарушы кеңесінің шешімімен Пя Юрий Владимирович 2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап «University Medical Center» корпоративтік қоры басқармасының төрағасы болып тағайындалғанын хабарлауға қуаныштымыз. Сонымен қатар, «University Medical Center» корпоративтік қорының Атқарушы директоры лауазымына Әшіров Қаныбек Зәйдінұлы тағайындалғанын хабарлауға рұқсат етіңіздер.
© Nazarbayev University
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53