
Студенттік үкімет – студенттердің дауысы
Адам өміріндегі ең есте қаларлық кезеңдердің бірі дәстүрлі түрде студенттік өмір болып саналады, ал оны ұйымдастыруда университет те, студенттердің өздері де, олардың студенттік өмірге деген құштарлық дәрежесі де басты рөл атқарады. Назарбаев Университетінде әр студенттің дауысы маңызды, ал Студенттік үкімет (бұдан әрі – СҮ) студенттер мен әкімшілік арасында байланыстырушы буын болып саналады.








