NU Гонконг университеттерімен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды

3 маусымда Nazarbayev University Гонконг білім беру университетімен (EdUHK) және Гонконг политехникалық университетімен (PolyU) өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойды. Қол қою рәсімі Гонконгтың Бас әкімшісі Джон Ли қатысуымен өтіп, Гонконг делегациясының Қазақстанға ресми сапары аясында жүрді. NU атынан құжаттарға университет президенті профессор Вакар Ахмад қол қойды.

Меморандумдар ынтымақтастықтың кең ауқымды бағыттарын қамтиды: бірлескен зерттеулер мен академиялық жобалар, конференциялар мен семинарлар өткізу, қысқамерзімді оқу бағдарламалары, студенттер мен ғылыми жарияланымдар алмасу, магистранттар мен докторанттарды бірлесіп ғылыми жетекшілеу.

Қонақтарды қарсы ала отырып, профессор Вакар Ахмад серіктестіктің нақты бағыттарын атап өтті: «Біз PolyU-мен бірлескен бағдарламалар, соның ішінде робототехника бойынша қос диплом бағдарламасын дайындап жатырмыз. Сіздер өзіңіздің үздік университеттеріңізбен мақтана алатыныңыз анық. Олардан үйренетінімізді жоғары бағалаймыз және бұл ынтымақтастықты асыға күтеміз».

Өз сөзінде Джон Ли NU-дың «Бір белдеу, бір жол» бастамасы тарихындағы ерекше орнын еске алды: «Дәл осы жерде Председатель Си Цзиньпин Жібек жолы экономикалық белдеуін бірлесіп құру идеясын алғаш рет жария түрде ұсынды — бұл байланыстылық, бірлескен даму және ортақ өркендеу жолындағы стратегиялық жоспардың бастауы болды».

Ол сондай-ақ серіктестіктің нақты нәтижелер беріп жатқанын атап өтті: өткен жылы «Жібек жолының экономикалық белдеуі» саммитінің 10-шы отырысында NU мен Гонконг ғылым және технологиялар университеті Азиядағы бірінші болып еуразиялық бизнес бойынша бірлескен бакалавриат бағдарламасын іске қосты. «Бұл бағдарлама біздің студенттеріміз бен экономикамыз үшін ауқымды нәтиже беретініне сенімдімін», — деді Джон Ли.

Гонконг білім беру университеті педагогика ғылымы мен білім беру мамандарын даярлау саласында жетекші орын алып, халықаралық рейтингтерде тұрақты жоғары позицияларды иеленеді. 1937 жылы негізі қаланған Гонконг политехникалық университеті әлемнің үздік 100 университетінің қатарына кіреді және қолданбалы зерттеулері мен өндіріске бағытталған білім берумен танымал.

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53