барлық жаңалықтар
3 наурыз 2025 #NUnews

NU президенті Сенат жанындағы Талдау мектебінде дәріс оқыды

NU президенті Сенат жанындағы Талдау мектебінде дәріс оқыды

3 наурыз 2025

Осы мақаламен бөлісіңіз

Мектептің төртінші кезеңі шешім қабылдау үшін цифрлық тетіктер мен деректерді пайдалану тақырыбына арналды.

Бүгін Астанада Сенат жанындағы Талдау мектебінің төртінші кезеңі аясында қорытынды дәріс өтті. Сегіз аптаға жалғасқан жоба барысында қатысушылар талдаудың жаңа қырларын меңгерді, сарапшылармен бірге жұмыс істеді және топ болып баяндамалар әзірледі.

Төртінші кезеңнің қорытынды күнінде NU президенті доктор Вакар Ахмад «Evidence-based policy және академиялық қоғамдастықтың рөлі» тақырыбы бойынша дәріс оқыды. Ол өз дәрісінде мемлекеттік саясатты қалыптастыру процесінде деректерді сапалы талдаудың маңызы зор екенін айтты.

Өз кезегінде Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев аналитика мен цифрлық технологиялар экономиканың, мемлекеттік саясаттың және бизнестің ілгерілеуін анықтайтынын, ал, жаңа білім қатысушыларға тиімді шешім қабылдауға септігін тигізетінін атап өтті.

«Data-driven decision-making-тегі талдау және цифрлық тетіктер» осы кезеңнің негізгі тақырыбы болды. Бүгінде компаниялар мен мемлекеттік құрылымдар аналитикалық платформаларға және деректерге негізделген шешімдерді қолдану арқылы тиімділікке қол жеткізуді көздейді. Ұлттық банктің, Отбасы банкінің, Ұлттық статистика бюросының тәжірибелерінен деректерге негізделген осындай талдаулар көп деңгейде қолданылатынын және қажет екенін көрдіңіздер», – деді Сенат Төрағасы.

Сол күні командалар әзірлеген баяндамаларын таныстырды. Олардың үздіктерін сарапшылар мен түлектердің өздері анықтады. Баяндамалардың тақырыптары білім берудегі инклюзия, гендерлік теңгерім, заң шығару қызметіндегі жасанды интеллектің рөлі, Орталық Азиядағы орнықты даму сияқты өзекті мәселелерді қамтиды. Дәстүрге сәйкес Талдау мектебінің төртінші кезеңіндегі дәрістердің видеонұсқасы Мектептің ресми YouTube-арнасында жарияланады www.youtube.com/@SchoolofAnalytics.

 

Ұқсас жаңалықтар