23-ші Халықаралық өндірістік зерттеулер бойынша конференция (ICMR 2026)

Ұйымдастырушы туралы ақпарат:

School of Engineering and Digital Sciences
Essam Shehab
Ағылшын

Nazarbayev University 2026 жылғы 2-4 қыркүйек аралығында Астана қаласында 23-ші Халықаралық өндірістік зерттеулер бойынша конференцияны (ICMR 2026) өткізеді.

ICMR 2026 әлемнің түкпір-түкпірінен жетекші зерттеушілерді, ғалымдарды, инженерлерді және өнеркәсіп мамандарын жинап, озық және цифрлық өндірістік инженерия саласындағы соңғы жетістіктерді, жаңа үрдістер мен болашақтағы сын-қатерлерді талқылауға арналған халықаралық алаң болмақ. Конференция бағдарламасына халықаралық деңгейде танылған зерттеушілер мен өнеркәсіп көшбасшыларының негізгі баяндамалары, сондай-ақ академиялық орта мен өндіріс секторынан ұсынылған ғылыми мақалалар енеді.

Өндірістік және инженерлік бағыттағы Ұлыбритания университеттері басшыларының консорциумы (COMEH) негізін қалаған Халықаралық өндірістік зерттеулер конференциясы шамамен қырық жыл бойы Ұлыбританиядағы өндірістік зерттеулер саласындағы негізгі конференциялардың бірі болып келеді және 2003 жылдан бастап халықаралық деңгейде ұйымдастырылып келеді. Осы уақыт ішінде ICMR зерттеушілер, практиктер және өнеркәсіп өкілдері арасындағы ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуды дамытуға арналған беделді алаңға айналды.

Жаһандану, цифрлық трансформация және технологиялық инновациялар әсерінен өндіріс саласы қарқынды дамып жатқан қазіргі кезеңде, ICMR 2026 заманауи теориялық зерттеулер мен өндірістегі практикалық шешімдерді ұсынуға арналған маңызды форум болуды мақсат етеді. Конференцияға әлемнің түкпір-түкпірінен академиялық мекемелердің, мемлекеттік ұйымдардың және өнеркәсіп өкілдерінің қатысуы құпталады.

Конференция аясында өндірістік зерттеулер, инновациялар және инженерия салаларына қатысты кең ауқымды тақырыптар қамтылып, пәнаралық диалог пен халықаралық ынтымақтастықты дамыту арқылы өндірістік технологиялардың болашағын қалыптастыруға үлес қосылады.

Толығырақ оқу

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53