«Nazarbayev University IT Support» жеке мекемесі (NUITS) Назарбаев Университетінің тиімді қызметін қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық жүйелерді, цифрлық технологияларды және сервистерді енгізу, сүйемелдеу және дамыту жұмыстарын жүзеге асырады.
NUITS пайдаланушыларға техникалық қолдау көрсетеді, IT-инфрақұрылымды дамытады және әкімшілендіреді, сондай-ақ Университеттің веб-сайттарын, корпоративтік порталдарын және мобильді қосымшаларын әзірлеу және сүйемелдеу жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар, құрылымдық бөлімшелер үшін заманауи цифрлық шешімдерді енгізіп, олардың тұрақты және қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етеді.
Ақпараттық технологиялар саласындағы барлық сұрақтар мен ұсыныстарды келесі электрондық пошта арқылы жолдауға болады: info_nuits@nu.edu.kz