Біз туралы

артқа

Неге НУ-да жұмыс істеу керек?

Неге НУ-да жұмыс істеу керек?
  • Неге НУ-да жұмыс істеу керек?
  • Мансаптық өсу мүмкіндіктері
  • НУ-дағы өмір
  • Денсаулық және бақуаттылық
  • Кампус ерекшеліктері
  • НУ қызметкерлерінің біліктілігін арттыру
  • Этика кодексі
  • Еңбек қызметін жүзеге асыруға, іскерлік сапарға немесе білім алуға арналған виза туралы ақпарат
  • НУ оқытушы-профессорлар құрамының саясаты мен рәсімдері

Халықаралық оқытушы-профессорлық құрамы

Назарбаев Университеті (NU) әлемнің 50 елінен келген 500-ге жуық адамнан тұратын, халықаралық оқытушы-профессорлық құрамын (ОПҚ) мақтан тұтады. НУ – қазақстандық жоғары білім беру жүйесін реформалаудың пионері және оқыту, зерттеу және инновация саласындағы халықаралық стандарттарды лайықты түрде қолданады. 2011 жылдан 2018 жылға дейін біздің профессорлар мен зерттеушілер 2000-ға жуық халықаралық жарияланымдарын шығарды. НУ бүкіл әлем бойынша тәжірибелері мен білімідернің арқасында біздің университет пен Қазақстанның дамуына үлес қоса алатын, үздік оқытушыларды тартады.

2011-2018 жылдар ішіндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері

Көп мәдениетті қоғамдастық

Назарбаев Университеті - әлемнің 60 елінен келген студенттер оқитын, оқытушылар мен қызметкерлер жұмыс істейтін, көп мәдениетті оқу орны. Біз НУ қоғамдастығының мүшелері үшін ортақ мақсаттарды, құндылықтары мен миссияларын түсіну арқылы, әртүрлілік және сыйластық қағидаттарын басшылыққа алатын, ұйымдасқан команданың бөлігі екенін сезінуіне жағдай жасаймыз.

Ғылыми орталықтар

Назарбаев Университетінің ғалымдары көптеген бағыттарда зерттеулер жүргізуде және инновациялар, талдау және ынтымақтастық арқылы осы саладағы білім аясын кеңейтуге тырысады. Біздің университет НУ мектептерінде, «Астана ұлттық зертханасы» және «Назарбаев Университетінің ғылыми-инновациялық жүйесі» (NURIS) жеке мекемелерінде 62 зерттеу және оқытушылық зертханалар бар екенін мақтан тұтады.

Қаржыландыру

НУ ғылыми бағдарламаларына арналған зерттеу гранттарымен қолдау көрсетеді. Атап айтқанда, 2017 жылдан бастап біз бәсекелестікке қабілетті ғылыми зерттеулерді дамытуға арналған гранттар бағдарламасы (FDCRGP) аясында педагогикалық зерттеулерге қолдау көрсетудеміз. Құқықтанушы мұғалімдерге Бірлескен зерттеу бағдарламасы (CRP), сондай-ақ Пәнаралық зерттеулердің халықаралық бағдарламасы (РДЭР) арқылы қосымша қолдау көрсетіледі.

  • Ішкі және халықаралық беделдің артуы
  • Танымал NU бренд
  • Әртүрлілік, меритократия, жоғары этикалық принциптер, айқындылық және ашықтық сияқты құндылықтарды ұстану
  • Халықаралық факультет
  • Ғылыми зерттеулурді мықты қолдау
  • Өзгерістерге бейім, жас, қуатты және икемді институт
  • Өз қызметкерлеріне жеңілдіктердің ауқымды пакеті
  • Кампустағы қызықты өмір
  • Кампустың мүмкіндіктері
  • Біліктілікті жоғарылату және мансаптық өсу мүмкіндігі