Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары мектептің ғылыми-зерттеу және білім беру инфрақұрылымымен танысып, 3D цифрлық анатомия зертханасын, биомедициналық зерттеулер ғылыми зертханасы мен симуляциялық орталығын көрді. Медицина мектебінің деканы, доктор М. Пиньятелли халықаралық стандарттарға сәйкес жоғары білікті денсаулық сақтау мамандарын даярлау олардың қызметінің басты мақсаты екенін айтты. Сенаторлар университеттің медициналық орталығының да жұмысымен танысты. Толығырақ Baq.kz мақаласында оқыныздар.








