Математика саласындағы ел тарихында Мемлекеттік сыйлық алған ең жас ғалым — Дурвудхан Сұраған. Сонымен қатар әлем бойынша еңбектеріне келтірілген сілтемелер саны ең көп қазақ ғалымдарының бірі. Тіпті математикада Ружанский-Сұраған гипотезасы бар. Қазір ол Назарбаев Университетінде шәкірт тәрбиелеп, қазақ ғылымының гүлденуіне үлес қосып жүр. Айқын газеті жас ғалыммен әңгімелесіп, бүгінгі білім жүйесі жайлы әңгіме өрбіткен.








