Өзін педагогикаға арнаған қазақтың алғаш әйел педагогі – Хұснижамал Нұралыханова, екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан Күлкен Тоқбергенова, Күлжәмила Талқанбаева, Жәмила Бейсенбаева, Жамал Байтасова және де басқа көптеген қазақ қыздардың атқарған еңбегін насихаттау керек, дейді Жазира Агабекова, NU Ассистент профессоры. Өз мақаласында “қыз батырларымызды дәріптеу мақсатында ескерткіштер орнатылып, көшелерге, мектептерге, жастар жиі жиналатын мәдени орындарға олардың есімдерін беру керек”, деп Egemen.kz газетінде жазады.








