Баспасөз хабарламасы

Назарбаев Университеті (бұдан әрі - Университет) студентінің әлеуметтік желілерде сексуалдық сипаттағы құқық бұзушылық жағдайлары туралы сөйлеген сөзіне байланысты полиция сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізуде, ол аяқталғаннан кейін қорытындылары заңнамаға сәйкес полиция жарияланатын болады. Дегенмен, бірқатар БАҚ-тарда мақаланың мазмұнына мүлдем сәйкес келмейтін тақырыптағы ақпарат орналастырылуда.

Назарбаев Университеті (бұдан әрі — Университет) студентінің әлеуметтік желілерде сексуалдық сипаттағы құқық бұзушылық жағдайлары туралы сөйлеген сөзіне байланысты полиция сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізуде, ол аяқталғаннан кейін қорытындылары заңнамаға сәйкес полиция жарияланатын болады.

Дегенмен, бірқатар БАҚ-тарда мақаланың мазмұнына мүлдем сәйкес келмейтін тақырыптағы ақпарат орналастырылуда. Тергеудің жалғасып жатқанын ескерер болсақ, бұны автордың жұртшылықты адастырып, Университеттің беделіне нұқсан келтіріп, НУ қоғамдастығына теріс әсер ету ниеті деп қана түсіндіруге болады.

Университет тергеу нәтижелерімен немесе фактілермен расталмаған ақпаратты орналастыруды түбегейлі айыптайды.

Университет өзінің беделін қорғауда табандылық танытып, сонымен қатар, қажет болған жағдайда заңды іс-әрекеттер жасауға жүгінеді.

Университет зорлық-зомбылықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын ұстанатынын және тергеу әрекеттеріне жан-жақты көмек көрсететінін атап өткен жөн.

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53