Назарбаев Университетінің (бұдан әрі – Университет) студенті айтқан, тексеруді талап ететін сексуалдық сипаттағы құқық бұзушылық жағдайлары туралы ақпарат бойынша Нұр-Сұлтан қаласы «Есіл» ауданының Полиция басқармасы тиісті процессуалдық әрекеттерді жүргізуде.
Университет кез келген зорлық-зомбылық әрекетіне мүлдем төзбеушілік қағидатын ұстанады және тергеуге жан-жақты көмек көрсетеді.








