«Молекулалық және геномдық инженерия арқылы біз әртүрлі жаһандық мәселелерді шешуге тырысамыз», — дейді NU SSH студенті Малика Василова. Арсен Оразбекпен бірге ол бактерия штаммдарының ДНҚ құрылымын өзгерте отырып, оларды қажетті заттарды өндіруге бейімдейді. Бұл туралы «Tansholpan» бағдарламасының сюжетінде айтылды. NU SEDS профессоры Прашант Жамваль да қатысты. Ал оның студенті Шыңғыс Дәулетбаев өз ReLife атты жобасын таныстырды.








