NU ғалымдары Қазақстанның үздік ғылыми қызметкерлерінің қатарында

Ғылым мен техниканың дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдарды, ғылыми қызметкерлерді қолдауға және марапаттауға бағытталған жылғы “Үздік ғылыми қызметкер” сыйлығы бірнеше жыл бұрын тағайындалған болатын. Биыл ғылыми-зерттеу институттарының, жоғары оқу орындарының және ғылыми ұйымдардың 50 ғалымы жеңімпаз атанып, 2000 АЕК көлемінде сыйақы және куәлік алды.

Ғылым мен техниканың дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдарды, ғылыми қызметкерлерді қолдауға және марапаттауға бағытталған жылғы “Үздік ғылыми қызметкер” сыйлығы бірнеше жыл бұрын тағайындалған болатын. Биыл ғылыми-зерттеу институттарының, жоғары оқу орындарының және ғылыми ұйымдардың 50 ғалымы жеңімпаз атанып, 2000 АЕК көлемінде сыйақы және куәлік алды.

Назарбаев Университетінің және оның негізінде жұмыс істейтін Астана Ұлттық зертханасының (NLA) 11 ғалымдары үш бағыт бойынша: жаратылыстану ғылымдары, инжиниринг және технологиялар, сондай-ақ медицина және денсаулық сақтау саласында ерекшеленді. Сонымен қатар, инжиниринг және технологиялар бағытында бөлінген 10 премияның ішінде 6 жүлдені NU ғалымдары жеңіп алды.

2023 жылғы “Үздік ғылыми қызметкер” сыйлығының тізімі:

Жаратылыстану ғылымдары

— Ментбаева Алмагүл, NU SEDS Ассистент профессоры

— Аманбек Ерлан, NU SSH Ассистент профессоры

Инжиниринг және технологиялар

— Нұрпейісова Арайлым, Энергия сақтау жүйелері зертханасының меңгерушісі, NLA жетекші ғылыми қызметкері

— Султанов Фаиль, NLA жетекші ғылыми қызметкері

— Кульшарова Гүлсім, NU SEDS Ассистент профессоры

— Жұмабеков Асхат, NU SSH Қаумдастырылған профессоры

— Арзықұлов Сұлтанғали, NU SEDS Ассистент профессоры

— Мұқанова Алия, NLA жетекші ғылыми қызметкері, Энергия сақтау жүйелері зертханасы

Медицина және денсаулық сақтау

— Асқарова Шолпан, Биоинженерия және регенерациялық медицина зертханасың меңгерушісі, NLA жетекші ғылыми қызметкері

— Аймағамбетова Гүлжанат, NUSOM Ассистент профессоры

— Кожахметов Самат, NLA жетекші ғылыми қызметкері, микробиома зертханасы.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер ақпараттық жүйе арқылы қабылданып, жетекші ғалымдар, тәуелсіз сарапшылар, мемлекеттік органдардың өкілдері және Жас ғалымдар кеңесінің мүшелері кіретін комиссия мен сарапшылар бағаларын береді. Биыл конкурсқа 300-ден астам өтінім «Жаратылыстану ғылымдары», «Инжиниринг және технологиялар», «Медицина және денсаулық сақтау», «Әлеуметтік ғылымдар», «Гуманитарлық ғылымдар және өнер», «Ауыл шаруашылығы және ветеринария ғылымдары» және «Әскери ғылымдар және ұлттық қауіпсіздік» жеті бағыт бойынша келіп түсті.

Назарбаев Университеті өз ғалымдарын құттықтап, оларға амандық, табыс және жаңа жеңістер тілейді!

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53