NU ғалымдары әзірлеген метабиотикті дәрігерлер халыққа ұсынуда

Қазақстанда «Ғылым қоры» арқылы берілетін грант мөлшері ұлғайтылды, қаржыландырылған ғылыми жобалар нарыққа шығып, халықтың ықыласына бөленіп үлгерді. Соның бірі – саумал және түрлі өсімдік сығындыларынан тұратын метабиотик.

Қазақстанда «Ғылым қоры» арқылы берілетін грант мөлшері ұлғайтылды, қаржыландырылған ғылыми жобалар нарыққа шығып, халықтың ықыласына бөленіп үлгерді. Соның бірі – саумал және түрлі өсімдік сығындыларынан тұратын метабиотик. Оны Назарбаев университетінің ғалымдары әзірледі. Тиімділігі мен бірегейлігі дәлелденген соң өнім «Ғылым қорының» грантына ие болды. Құрғақ бие сүті, өсімдік және метабиотикалық компоненттер негізінде жасалған препараттар Қарағанды облысында өндіріліп, нарыққа шығарылады. Назарбаев Университет Зертханасының қызметкері Самат Қожахметовтың айтуынша, «Адамның метабиотигімізде метаболиттер көп болған соң ағзаға түсе сала әрекет етеді. Бұл – медициналық препарат емес, тағамдық қоспа.» Дәрежесі жоғары журналдарда мойындалған соң ғалымдар инвестор іздей бастады. Мемлекеттік гранттың арқасында препарат қазіргі деңгейге жетті. Қоспаны гинеколог дәрігерер сәби көтере алмай жүрген қыз-келіншектерге ұсынады, деп хабарлайды Хабар 24.

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53