Фестивальға әлемнің түкпір-түкпірінен студенттер қатыса алады және биыл олар 50-ден астам елден келді. ISWiB апталығы «Біздің болашағымызды тәрбиеле» ұранымен өтіп, тұрақты дамуға арналды.
Студенттер әртүрлі тақырыптар бойынша воркшоптарға, интерактивті лекциялар мен ашық іс-шараларға қатысып, жаңа білім және идеялар алды. Сонымен қатар олар әртүрлі саланың профессорларымен және мамандармен байланыс орнатып, жаңа жобалар жасай бастады.
NU SSH студенті Меруерт Бижанованың айтуынша, ISWiB студенттерге жаһандық экологиялық мәселелер мен тұрақты даму бойынша қарым-қатынас жасаудың негізгі платформасы болып табылады.
«Нәтижелі диалогқа бағытталған фестивальдің іс-шараларына қатысу және әртүрлі мәдениеттер өкілдерімен тәжірибе алмасу біз үшін үлкен қуаныш болды.
Сонымен қатар, фестиваль қатысушылары мен ұйымдастырушыларының сүйіспеншілігі мен адалдығы бізді таң қалдырды және бұл Еуропа мәдениеті, тарихы мен құндылықтарымен жақын танысу болды. Ең бастысы, бұл фестиваль барлығымызды инновация мен шығармашылыққа шабыттандырды — деді Меруерт.
Біздің студенттер «Инновациялар және даму», «Case Study», «Қалалық тұрақтылық», «Музыкалық және әл-ауқат және қозғалыс» сияқты семинарларға қатысты.








