Мемлекет басшысы NU-дың төрт студентін жетістіктерімен құттықтады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерімен кездесті.

Шараға химия, математика, физика, география, информатика және биология пәндерінен алтын, күміс және қола медаль иеленген 24 жас қатысып, олардың арасында Nazarbayev University-дің төрт студенті болды.

Атап айтқанда, Бекасыл Елубай мен Талғат Байбусынов Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінде оқуын бастайды. Әлихан Қалмағамбетов Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебіне қабылданса, Ерқанат Кеңшілік Университетке дейінгі дайындық бағдарламасының студенті атанды.

Жас дарындарды құттықтаған Мемлекет басшысы олардың айрықша жетістіктерін атап өтіп, шынайы алғысын білдірді. Оның сөзінше, беделді халықаралық интеллектуалдық жарыстарда топ жарып, Қазақстанның атын әлемдік аренада таныту — зор жетістік әрі жастарға үлгі.

Біз жаңа студенттерімізді мақтан тұтамыз және оларға оқуда табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!

Up

© Назарбаев Университеті

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53