НУ Инженерлік және цифрлық ғылымдар мектебінің (NU SEDS) базасында WtERT Қазақстандық бөлімі ашылды. НУ Профессоры Джон Риол Ким, НУ SEDS Құрылыс және экологиялық инженерия кафедрасының меңгерушісі, бөлімнің төрайымы болып сайланды. Назарбаев Университетінің Президенті Шигео Катсу, Global WtERT Council Inc. Президенті, профессор Николас Дж.Темелис және Global WtERT Council, Inc халықаралық байланыстар жөніндегі Вице-президенті Реда М. Каббай қалдықтарды энергияға айналдыру технологияларын зерттеу және дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойды.
Global WtERT Council Inc. 22-ден астам елдің ғалымдарын, инженерлерін, бизнесін, университеттер мен үкіметтерін бүкіл әлем бойынша қалдықтарды басқарудың тұрақты технологияларын ілгерілету үшін біріктіретін жетекші зерттеу ұйымы боп табылады.
Ұйым 2002 жылы Колумбия университетіндегі (АҚШ) Жер инженерлік орталығының (ЕЭК) негізгі бағдарламасы ретінде құрылды. Ол 1997 жылдан бері АҚШ-та және бүкіл әлемде қайта өңдеу бойынша зерттеулер жүргізіп келеді.
Осылайша, бұл Келісім НУ ғылым қызметкерлері мен студенттеріне Колумбия университетінің, сондай-ақ WtERT мүшелері болып табылатын Жапония мен Еуропаның үздік университеттерінің, ресурстарына қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
Айта кетейік, Нью-Йорк қаласының мэрі Эрик Адамс WtERT және Колумбия университетінің Жер инженериясы орталығымен қалдықтарды энергияға айналдыру жобалары бойынша жұмыс істеген. Әлемдегі ең сәтті жобалардың бірі — Түркияның бірінші ханымының жобасы. Ол WtERT-пен бірігіп құны 200 миллион доллар болатын қалдықтарды энергияға айналдыратын нысан ашқан. Негізінен тікелей шетелдік инвестиция есебінен қаржыландырылған бұл жоба аймақ көлемінде көшбасшыға айналды.








