Жазғы мектептер, әдетте, жедел академиялық және мазмұнды мәдени бағдарлама ұсынады. Бұл жаңа білім меңгеру тәжірибесін алудың, басқа елдерден құрдастарымен кездесіп, әлемді көрудің керемет мүмкіндігі. Жазғы мектептің ұзақтығы жаздың бірнеше күнінен бастап бірнеше аптаға дейін өзгеруі мүмкін.
Жазғы мектепте білім алудың артықшылықтары айқын
Жаңа білім
Жазғы мектеп сізге жаңа пәндерді үйренуге немесе өзіңізге белгілі бір салада өз біліміңізді тереңдетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, көптеген жазғы мектептерде сынақ бірліктері (кредиттер) беріледі, оларды білім беру тәжірибесін растау ретінде пайдалануға болады.
«Дәмін татып көру»
Жаңа білім саласында өзіңізді сынап көргіңіз келсе, оның ұнайтынын білгіңіз немесе кейіннен оқуға түсу үшін шетелдік университетке байыппен қарасаңыз, жазғы мектеп - бұл бағдарламаның немесе университеттің «дәмін татып көрудің» таптырмайтын мүмкіндігі.
Жаңа мәдени тәжірибе
Өзіңіз үшін жаңа қалалар мен елдерді ашу, басқа халықтардың мәдениетімен, салт-дәстүрімен танысу мүмкіндігі.
Жаңа достар
Жазғы мектепке қатысып, Сіз жаңа достар табасыз және өзіңіздің құрдастарыңыздың басқа елдерде қалай өмір сүретінін білесіз.
Жыл сайынғы Назарбаев Университетіндегі жазғы академиялық бағдарлама
SSRS (Орыс тілі және Еуразиялық зерттеулердің жазғы мектебі) студенттерге орыс тілі / қазақ тілін тереңдетіп оқып үйренуге мүмкіндік беретін, сондай-ақ Еуразияның жүрегінде орналасқан қазақ мәдениеті мен пост-кеңестік елдерімен танысу үшін қарқынды оқу бағдарламасы.
Маңызды ақпарат:
Өтінім беру мерзімдері
Өтінімдерді қабылдау туралы хабарлама Мектептер немесе Халықаралық ынтымақтастық департаменті тарапынан Жазғы мектеп басталғанға дейін 2–3 ай бұрын жарияланады. Әдетте, Жазғы мектептер маусым айының ортасынан тамыз айының ортасына дейін өткізіледі.
Студенттерге электрондық пошта арқылы хабарланады.
Қаржыландыру
НУ немесе серіктес университеттер ұсынатын барлық Жазғы мектептер тегін.
Байланыс үшін:
Email: mobility@nu.edu.kz
Phone: +7-7172-70-91-56; +7-7172-70-45-02
Ұтқырлық бөлімі, Интернационалдандыру Департаменті
Summer school experience of our students by years
2017
The Silk Road International Summer School
Tsinghua University Global Eurasian Culture Immersion Series
NU hosted a group of students from the National University of Singapore
42 students of NU participated in summer semester 2017 at the University of Wisconsin-Madison
Summer Youth Leadership Program in cooperation with Renmin University of China