барлық жаңалықтар
17 тамыз 2017 Оқиғалар

Назарбаев Университетінің 42 студенті Висконсин-Мэдисон Университетінің жазғы семестрінде білім алды

Назарбаев Университетінің 42 студенті Висконсин-Мэдисон Университетінің жазғы семестрінде білім алды

17 тамыз 2017

Осы мақаламен бөлісіңіз

2017 жылдың 15 тамызында Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебi, Ғылым және технологиялар мектебі, Инженерия мектебінің (әр мектептен 14 студент) 42 үздік студенті АҚШ-тағы Висконсин-Мэдисон Университетінің халықаралық студенттерге арналған 8 апталық VISP оқыту бағдарламасынан қайтып оралды. Бағдарламаға қатысуды Назарбаев Университеті толығымен қаржыландырды.

2014 жылдан бастап Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебiнің стратегиялық серіктесі болып табылатын Висконсин-Мэдисон Университетінде VISP бағдарламасы бойынша Назарбаев Университетінің 197 үшінші курс студенті білім алды.

Назарбаев Университетінің әрбір студенті Висконсин-Мэдисон Университетінің жазғы семестрінде толық құқықты студент ретінде тіркеліп және 6-9 Карнеги кредитіне ие болды (АҚШ-тың жоғары оқу орындарында қолданылатын сынау бірлігі). Студенттер ғылыми-зерттеу компоненті бар, кем дегенде, бір курс алды және осы жазда ұсынылған және олардың кеңесшілері мақұлданған 160 курстың ішінен басқа тағы бір курсты таңдау мүмкіндігі болды.

Сабақтарға қосымша тарихи және мәдени нысандарға барумен арнайы мәдени бағдарлама ұйымдастырылды. Назарбаев Университетінің студенттері Висконсин-Мэдисон Университетінің студенттерімен өзара байланыс орнатып, олардың қазақ және орыс тілдерін үйренуіне көмектесті.

Ұқсас жаңалықтар