
23 маусым 2019
Осы мақаламен бөлісіңіз2019 жылдың 17-21 маусымында Назарбаев Университетінде (НУ) Азия университеттері альянсына мүше (AUA) жоғары оқу орындары студенттерінің арасында AUA студенттер сайысы болды. Биылғы конкурстың тақырыбы «21 ғасырдағы тиімді басқару және оның қиындықтары».
2019 жылдың 17-21 маусымында Назарбаев Университетінде (НУ) Азия университеттері альянсына мүше (AUA) жоғары оқу орындары студенттерінің арасында AUA студенттер сайысы болды. Биылғы конкурстың тақырыбы «21 ғасырдағы тиімді басқару және оның қиындықтары».
Гонконг Ғылым және Технология Университетінен, Бомбейдің Үнді технологиялық институтынан, Ұлттық Сингапур Университетінен, Сеул Ұлттық Университетінен және НУ-дан 20 бакалавриат және жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламалардың студенттері сайысқа түсті.
- Конкурстың мақсаты қатысушыларға өз командасы мен кең аудиториядағы келіссөздерде және қарым-қатынаста өздерінің дағдыларын жетілдіруге көмектесу және шектеулі уақыт ішінде саяси мәселелерге ең тиімді шешім әзірлеу үшін, сондай-ақ команда мүшелерінің күшті жақтарын пайдалана білуге көмектесу болып табылады. Студенттер жобаларының сапасын жақсарту үшін Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің (ЖМСМ) профессорлары мүдделі тараптармен талдау, басқарудағы инновациялар, стратегиялық ойлау және коммуникациялық стратегиялар туралы арнайы лекциялар өткізді, - деп түсіндірді д-р Вэнг Тат Хуэй, ЖМСМ деканы.
HKUST және SNU командалары тиісінше бакалавриат және жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламалар санаттары бойынша жеңімпаздар болып атанды. Гонконг университетінің HKUST «Orange» командасы Орталық Азиядағы трансшекаралық су ресурстарын тиімді басқару тақырыбын ұсынды. SNU командасы «R4R» мемлекеттік және азаматтық қоғамның бірлескен іс-қимылы арқылы қабылдаушы елдердегі босқындар мәселелерін шешу үшін тиімді басқару шараларын талдап қатысушыларға ұсынды.
Айта кететін жай, өткен жылы НУ «AUA Asia Deep Dive» мәдени бағдарлама аясында келесі университеттердің студенттерің жиналған болатын Чулалонгкорн Университеті, Гонконг Ғылым және Технология Университеті, Бомбейдің Үнді технологиялық институты, Сауд патша Университеті, Ұлттық Сингапур Университеті, Назарбаев Университеті, Пекин Университеті, Сеул Ұлттық Университеті, Цинхуа Университеті, Коломбо Университеті, Малайзия Университеті, Токио Университеті және Янгон Университеті.
AUА туралы анықтамалық ақпарат: 2017 жылы бүкіл Азия елдері өкілдерінің 15 жетекші университеті бірлесіп Азия университеттерінің альянсын (AUА) құрды. Альянстың миссиясы өзара ынтымақтастықты нығайту жолымен өңірлік және жаһандық, оның ішінде, жоғары білім берумен және экономикамен, ғылыми-техникалық дамумен байланысты проблемаларды бірлесіп шешу болып табылады.