1 – қадам. Жеке кабинет ашу
Жеке кабинет ашу үшін admissions.nu.edu.kz порталында тіркеліңіз. Жеке кабинетіңізде тіркелу нұсқаулығымен міндетті түрде танысып өтіңіз.
2 – қадам. Өтінім беру нысанын толтырып, қажетті құжаттарды жүктеңіз
- Жеке кабинеттің «My Application Forms» бөлімінде Step 1 сілтемесін ашыңыз. Дербес деректерді өңдеу келісімді қамтитын Өтінім беру нысанын толтырып, «Upload» батырмасын басыңыз.
- Қажетті құжаттарды көрсетілген форматта жүктеу үшін келесі Step 2 қадамына өтіңіз.
- 3×4 суретіңізді «Profile» бөліміне жүктеңіз.
3 – қадам. Тіркелу жарнасын төлеп, өтініш беруді аяқтаңыз
- Өтініш беруді аяқтау үшін Жеке кабинетіңіздің «My Application Forms» бөліміндегі «PAY AND SUBMIT APPLICATION» батырмасын басыңыз. Тіркелу жарнасы тек ұсынылған төлем әдістері арқылы онлайн төленуі қажет; басқа төлем әдістері қабылданбайды.
- Сіз 2 магистратура немесе докторантура бағдарламаларына өтініш бере аласыз, бірақ екеуіне де қабылданған жағдайда біреуін ғана таңдауыңыз қажет.
- Стандартты тіркелу жарнасы — 15 000 теңге, кеш тіркелу жарнасы — 45 000 теңге. Өтінім берудің белгіленген мерзіміне дейін соңғы екі апта өтінім берудің кеш мерзімі болып саналады. Өтінім берудің нәтижесіне немесе төлем қателеріне қарамастан, тіркелу жарнасы қайтарылмайды.
4 – қадам. IELTS/TOEFL/GRE/GMAT нәтижелерін тапсырыңыз
IELTS/TOEFL/GRE/GMAT сертификатын тапсыру үшін келесі қадамдарды орындаңыз:
1. Электронды түрде:
- IELTS/TOEFL/GRE/GMAT жарамды сертификаттың электрондық нәтижесін Тест әкімшісі арқылы тікелей НУ-ға жіберіңіз.
2. IELTS/TOEFL нәтижелерін жүктеу:
- IELTS/TOEFL сертификаттың сканерленген көшірмесін және оның бірегей нөмірін Жеке кабинеттің «Upload IELTS/TOEFL results» бөліміне енгізіп жүктеңіз. Конкурсқа қатысу үшін бірнеше сертификатты жүктеуге болады, бірақ іріктеуде Жеке кабинетке соңғы болып жүктелген сертификат қарастырылады.
3. GRE/GMAT нәтижелерін жүктеу:
- GRE/GMAT сертификаттың сканерленген көшірмесін (талап етілсе) «My Application Forms» (Step 2) бөлімінде жүктеңіз.
Маңызды тест кодтары:
- IELTS: NU, Admissions Department
- TOEFL iBT: 6762
- GRE: 6496
- GMAT: H6M-R7-93
Маңызды ескертулер:
- НУ сіздің тест нәтижелеріңізді тапсыруға жауапты емес. Сіз Тест әкімшісіне (Тест орталығына) өзіңіз хабарласуыңыз керек, сертификат жіберу кем дегенде 7-10 жұмыс күнін алады.
- Егер сертификат белгілеген мерзімінен кеш келсе, нәтижелер конкурста қарастырылмайды.
- Барлық сертификаттар өтінім бергенсәтке дейін жарамды болуы қажет.
- IELTS/TOEFL сертификатын ұсыну бойынша толық нұсқаулық сіздің Жеке кабинетіңізде қолжетімді.
- IELTS Online, TOEFL iBT Home Edition и TOEFL PDT нәтижелері қарастырылмайды.
- IELTS/TOEFL нәтижелерін жүктеу бойынша бейне нұсқаулықты мына сілтемеден таба аласыз.
Тесттен босатылған жағдайлар:
IELTS/TOEFL тапсырудан босатылуыңыз мүмкін, егер:
- Ағылшын тілі ресми тілі болып табылатын елде академиялық дәрежені алған жағдайда.
- Бакалавр немесе магистр дәрежесі бойынша оқыту тілі Ағылшын тілі болған жағдайда (растайтын құжат қажет).
- Назарбаев Университетінің түлегі болсаңыз.
Келесі қадамдар
Өтінім бергеннен кейін сіздің ұсынушыларыңызға онлайн-нысанды пайдаланып ұсыным хатын ұсынуды талап ететін автоматты хабарлама жіберіледі. Ұсыным хаттарды ұсыну бойынша толық нұсқаулық Жеке кабинетте қолжетімді.
Өтініміңіздің статусы туралы білу үшін Жеке кабинет пен электрондық поштаңызды жиі қадағалаңыз. Кейбір жағдайларда Университет хабарламалары спам жәшігінде болуы мүмкін.
Ағылшын тілінде өтетін сұхбатқа шақырылған жағдайда Қабылдау комиссиясымен сұхбаттан өтіңіз.
Өтінім беру кезінде қиындықтар туындаған жағдайда мәселенің толық сипаттамасын, сонымен қатар ЖСН (ҚР азаматтары үшін) мен Жеке кабинетте үміткерге берілетін Applicant ID нөмірін phd_admissions@nu.edu.kz электрондық поштасына жазыңыз.
Барлық бағдарламалар тізімі
Бағдарламаңызды табыңыз
NU-де сіз армандарыңызға қол жеткізіп, дағдыларыңызды дамытып, әлемдік деңгейдегі жоғары сапалы академиялық бағдарламаларымыз арқылы мақсаттарыңызды жүзеге асыра аласыз.

Қабылдау талаптары
Инженерлік және цифрлық ғылымдар мектебі - NU SEDS

Қабылдау талаптары:
- Бакалавр және магистр дәрежелері (немесе баламалары). Онлайн тіркелу кезеңінде магистратура бағдарламасының соңғы курс студенттері ағымдағы транскриптті ұсына алады;
- Магистр дәрежесі бойынша CGPA 4.00-ден кем дегенде 2.75 болуы тиіс;
- Ағылшын тілін меңгеру деңгейі:
- 1) IELTS 6.5 (әр секция ≥6.0) немесе ETS сайтындағы TOEFL баламасы.
TOEFL iBT Home Edition, TOEFL PDT, IELTS Online, IELTS Indicator қарастырылмайды; - 2) Төмендегі жағдайларда тест нәтижелерін ұсынудан босатылады:
- 1) IELTS 6.5 (әр секция ≥6.0) немесе ETS сайтындағы TOEFL баламасы.
- академиялық дәрежені ағылшын тілі ресми тіл болып табылатын елде алған жағдайда;
- ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша бакалавр/магистр дәрежесін алған жағдайда.
- Талдау және математикалық қабілеттерін GRE немесе GMAT нәтижелері арқылы көрсетуі (болғаны абзал);
- Негіздеме хатындағы жоғары мотивация және бағдарламаға қызығушылық.
Конкурстық іріктеуге қажетті құжаттар:
Барлық құжаттар ағылшын тілінде немесе нотариалды расталған аудармасымен болуы тиіс:
- Толтырылған өтінім нысаны;
- Жеке куәлік немесе төлқұжат;
- Аты-жөнін өзгерту туралы құжат (болса);
- Бакалавр және магистр дипломдары және қосымшалары. Соңғы курс студенттері ағымдағы транскриптті жүктей алады;
- IELTS/TOEFL VERIFICATION SERVICES арқылы жіберілген жарамды сертификат. IELTS код: NU. TOEFL код: 6762;
- Ағылшын тілінде білім алғанын растайтын құжат (босатылу сұралса). Пәндердің тізімі және саны көрсетілген анықтама талап етіледі;
- Жарамды GRE немесе GMAT сертификаттары (ұсынылады);
- 500 сөздік негіздеме хат — алдыңғы білім, мүдделілік, кәсіби мақсаттар және бағдарлама көмегі;
- Соңғы 12 айда жазылған екі құпия ұсыным хат (біреуі — академиялық). Нұсқаулық сілтеме;
- Түйіндеме (1 бетке дейін).
Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі - NU SSH

Қабылдау талаптары:
- Бакалавр және магистр дәрежелері (немесе баламалары). Онлайн тіркелу кезеңінде магистратура бағдарламасының соңғы курс студенттері ағымдағы транскриптті ұсына алады;
- Магистр дәрежесі бойынша CGPA (қорытынды орташа білім көрсеткіші) 4.00-ден кем дегенде 2.75 болуы тиіс. Сонымен қатар, CGPA көрсеткіші 2.5 болған жоғарғы дәрежелі университет түлектері қарастырылады.
- Ағылшын тілін меңгеру деңгейі:
- 1) IELTS тесті бойынша жалпы балл 6.5 (әр секция бойынша кемінде 6.0 балл) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы.
Еуразиялық зерттеулер облысындағы философия ғылымдарының докторы бағдарламасына IELTS тесті бойынша жалпы балл 7.0 (әр секция бойынша кем дегенде 6.0 балл) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы.
TOEFL iBT Home Edition, TOEFL PDT, IELTS Online және IELTS Indicator нәтижелері қарастырылмайды; - 2) Бағдарламаға түсетін үміткерлер мынадай жағдайлардың бірінде ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін:
- 1) IELTS тесті бойынша жалпы балл 6.5 (әр секция бойынша кемінде 6.0 балл) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы.
- үміткер академиялық дәрежесін ағылшын тілі ресми түрде қарым-қатынас және оқыту тілі болып табылатын елде алған жағдайда;
- ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша бакалавр/магистр дәрежесін алған жағдайда.
- Оқу, талдау және математикалық қабілеттіліктерін GRE тестінің нәтижелері арқылы көрсетуі (болғаны абзал);
- Негіздеме хатында көрсетілген жоғары мотивация және бағдарламаға байланысты қызығушылық.
- Еуразиялық зерттеулер облысындағы философия ғылымдарының докторы бағдарламасына, жазбаша жұмысында (ғылыми мақала, эссе, жарияланған мақала) үлгі көрсетілгендей, академиялық жазу дағдылары;
- Зерттеу пәнінің ғылыми негіздемесінде көрсетілгендей, тиісті зерттеу пәніне қызығушылық және сәйкес білім болуы қажет.
Еуразиялық зерттеулер облысындағы философия ғылымдарының докторы бағдарламасына магистр дәрежесі бойынша бәсекеге қабілетті CGPA (қорытынды орташа білім көрсеткіші);
Конкурстық іріктеуге катысу үшін кажетті құжаттардың тізімі:
Барлық ұсынылған құжаттар ағылшын тілінде немесе нотариалдық куәландырылған ағылшын тіліндегі аудармасымен болуы тиіс:
- Толтырылған өтінім беру нысаны;
- Жеке куәлік (ҚР азаматтары үшін) немесе төлқұжат (шетел азаматтары үшін);
- Аты-жөнін өзгерту туралы құжат (болған жағдайда);
- Бакалавр және магистр дипломдары және олардың қосымшалары. Онлайн тіркелу кезінде магистратура бағдарламасының соңғы курс студенттері жеке кабинетке ағымдағы ресми транскриптерін жүктей алады;
- IELTS/TOEFL ТЕКСЕРУ ҚЫЗМЕТТЕРІ (IELTS/TOEFL VERIFICATION SERVICES) арқылы жіберілген (бағдарламаға құжаттарды онлайн тапсыру сәтінде жарамды), ресми электронды IELTS/TOEFL сертификаты. IELTS үшін код: NU. TOEFL үшін код: 6762;
- Ағылшын тілінде білім алғанын растайтын құжат (IELTS/TOEFL нәтижелерін тапсырудан босатылуды қалайтын үміткерлер үшін). Аталмыш үміткерлер жоғары оқу орнынан ағылшын тілінде оқытылған пәндердің саны және тізімі көрсетілген анықтыма тапсыруы қажет;
- Құжаттарды тапсыру сәтінде жарамды GRE сертификаты (болғаны абзал);
- Үміткердің алдыңғы білімі, бағдарламаға жеке мүдделілігі, кәсіби дамуының ұзақ мерзімді мақсаттары және бұл бағдарлама оған алдына қойған мақсаттарына жетуіне қалай көмектесе алатынынын сипаттайтын негіздеме хат (500 сөз);
- Cоңғы 12 ай ішінде жазылған екі құпия ұсыным хат (ұсыным беретін тұлғалар электрондық немесе қағаз түрінде ұсынады). Ұсыным хаттарын ұсыну жөніндегі нұсқаулықпен мына сілтеме арқылы таныса аласыз;
- Еуразиялық зерттеулер облысындағы философия ғылымдарының докторы бағдарламасына, жазбаша жұмыс мысалы (ғылыми мақала, эссе, жарияланған мақала);
- Үміткер бағдарламада жалғастырғысы келетін зерттеу тақырыбы сипатталатын зерттеу пәнінің ғылыми негіздемесі (1500-2000 сөз);
- Түйіндеме (1 беттен аспайтын).

Медицина мектебі - NUSOM

Қабылдау талаптары:
- Бакалавр және магистр дәрежелері немесе Медицина докторы (немесе баламалары). Онлайн тіркелу кезеңінде магистратура бағдарламасының соңғы курс студенттері ағымдағы транскриптті ұсына алады;
- Магистр дәрежесі бойынша CGPA (қорытынды орташа білім көрсеткіші) 4.00-ден кем дегенде 3.0 болуы тиіс;
- Ағылшын тілін меңгеру деңгейі:
- 1) IELTS тесті бойынша жалпы балл 6.5 (әр секция бойынша кемінде 6.0 балл) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы.
TOEFL iBT Home Edition, TOEFL PDT, IELTS Online және IELTS Indicator нәтижелері қарастырылмайды; - 2) Бағдарламаға түсетін үміткерлер мынадай жағдайлардың бірінде ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін:
- 1) IELTS тесті бойынша жалпы балл 6.5 (әр секция бойынша кемінде 6.0 балл) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы.
- үміткер академиялық дәрежесін ағылшын тілі ресми түрде қарым-қатынас және оқыту тілі болып табылатын елде алған жағдайда;
- ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша бакалавр / магистр дәрежесін алған жағдайда.
- Тиісті ғылыми қызығушылық пен зерттеу тақырыбын қамтитын жобалау ұсынысы;
Конкурстық іріктеуге катысу үшін кажетті құжаттардың тізімі:
Барлық ұсынылған құжаттар ағылшын тілінде немесе нотариалдық куәландырылған ағылшын тіліндегі аудармасымен болуы тиіс:
- Толтырылған өтінім беру нысаны;
- Жеке куәлік (ҚР азаматтары үшін) немесе төлқұжат (шетел азаматтары үшін);
- Аты-жөнін өзгерту туралы құжат (болған жағдайда);
- Бакалавр және магистр дипломдары (немесе баламалары) және олардың қосымшалары. Онлайн тіркелу кезінде магистратура бағдарламасының соңғы курс студенттері жеке кабинетке ағымдағы ресми транскриптерін жүктей алады;
- IELTS/TOEFL ТЕКСЕРУ ҚЫЗМЕТТЕРІ (IELTS/TOEFL VERIFICATION SERVICES) арқылы жіберілген (бағдарламаға құжаттарды онлайн тапсыру сәтінде жарамды), ресми электронды IELTS/TOEFL сертификаты. IELTS үшін код: NU. TOEFL үшін код: 6762;
- Ағылшын тілінде білім алғанын растайтын құжат (IELTS/TOEFL нәтижелерін тапсырудан босатылуды қалайтын үміткерлер үшін). Аталмыш үміткерлер жоғары оқу орнынан ағылшын тілінде оқытылған пәндердің саны және тізімі көрсетілген анықтыма тапсыруы қажет;
- Жобалау ұсынысы (500 сөзден көп емес);
- Түйіндеме (1 беттен аспайтын);
- Зертханалық жұмыстарды орындаудың қажетті дағдыларын дамытуға көмектесетін кәсіби және/немесе ерікті тәжірибесі болуының дәлелі (Жаһандық денсаулық сақтау бағдарламасы үшін міндетті емес);
- Зертханалық жұмыстарды орындаудың қажетті дағдыларын дамытуға көмектесетін кәсіби және/немесе ерікті тәжірибесі болуының дәлелі (Жаһандық денсаулық сақтау бағдарламасы үшін міндетті емес); сілтеме;
- 075/у медициналық анықтамасы (ҚР азаматтары үшін) немесе денсаулығының жалпы жай-күйі көрсетілген осыған ұқсас медициналық анықтама (шетел азаматтары үшін);
- Сотталғандығы немесе сотталмағаны туралы анықтама;
- Биомедицина бағдарламасы үшін, үміткердің PhD жобаларының таңдаулы үш таңдауының тізімі (міндетті емес);
- Жаһандық денсаулық сақтау бағдарламасы үшін, өтініш берушінің эпидемиология және статистика бойынша алған магистратура курстарының тізімі.

Медицина мектебі - резидентура бағдарламалары NUSOM

Оқуға түсудің екі түрі бар: Шартсыз түрде оқуға алу және шартты түрде оқуға алу
Шартсыз түрде оқуға алу
Шартсыз түрде оқуға алу бойынша бағдарламаға тапсыратын құжаттар үміткерлерде мыналар болуы тиіс:
- Медицина мектептерінің бүкіләлемдік анықтамалығына сәйкес танылған университетте алынған МД дәрежесі немесе балама жоғары медициналық дәреже (елде тәуелсіз емдеуші дәрігер ретінде практикамен айналысу үшін тіркелу немесе сертификат алу құқығын беретін медициналық біліктіліктің ең жоғары деңгейі). Өтінімдерді беру кезеңі ішінде соңғы оқу жылының студенттері ағымдағы ресми транскрипттерді ұсына алады. Оқуға қабылдауға ұсынылған үміткерлер Бағдарламаға қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін түпкілікті транскрипт пен диплом ұсынулары тиіс. Университеттің түлектері кейіннен бір айдың ішінде дипломды ұсына отырып, дәреже берілгенін растайтын транскрипттің негізінде бағдарламаға қабылданады;
- IELTS тесті бойынша жалпы балл 6,0 немесе одан жоғары (тек бір бөлімде ғана кемінде 5.5 балл рұқсат етіледі) немесе ETS веб-сайтында көрсетілген TOEFL-дің баламалы балы;
- медицина негіздері бойынша IFOM (іргелі ғылымдар) (BSE) немесе USMLE step 1 халықаралық емтихан нәтижелерімен есеп;
- негіздеме хатта Бағдарламаға қызығушылық пен уәждеменің жоғары деңгейін көрсету;
- 2 (екі) құпия ұсыным хат.
Білімінің және практикалық тәжірибенің сәйкестігін, сондай-ақ баламалықты және бұрын алынған дәрежелердің сәйкестігін Қабылдау комиссиясы Медицина мектептерінің бүкіл дүниежүзілік анықтамалығына сәйкес айқындайды.
Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде:
- ағылшын тілі ресми қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде Медицина докторы дәрежесін немесе балама жоғары медициналық дәреже алғанда;
- ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша Медицина докторы дәрежесін немесе балама жоғары медициналық дәреже алғанда;
- егер үміткер Назарбаев Университетінің түлегі болып табылса, ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін.
Резидентура бағдарламасына арналған құжаттар пакеті
Барлық ұсынылған құжаттар ағылшын тілінде немесе нотариалдық куәландырылған ағылшын тіліндегі аудармасымен болуы тиіс:
- Өтінімнің толтырылған нысаны;
- Жеке куәлік немесе паспорт;
- Аты-жөнін өзгерткенін растайтын ресми құжат (егер қолданылса);
- Медицина докторының дипломы немесе жоғары медициналық дәрежеге балама транскрипт;
- Бағдарламаға құжаттарды онлайн тапсыру кезінде күші бар IELTS немесе TOEFL (Home edition-нан басқа) сертификаты (егер қолданылса);
- Медицина негіздері халықаралық емтиханы (іргелі ғылымдар) (IFOM Basic Science) немесе USMLE step 1 емтиханы бойынша нәтижелері бар есеп;
- Оқу немесе клиникалық мекемелер соңғы 12 айдың ішінде берген 2 құпия ұсыным хат, резидентураның нақты бағдарламасымен байланысты мекеме артықшылыққа ие (ұсыным беретін тұлғалар электронды немесе қағаз нысанында ұсынады);
- Негіздеме хат (500 сөзден аз емес);
- Медициналық анықтама 075у (резиденттер үшін) немесе жалпы денсаулық жағдайын көрсететін, ұқсас медициналық анықтама (шетелдік үміткерлер үшін);
- Сотталғаны немесе сотталмағаны туралы анықтама;
- Үміткердің/студенттің жеке деректерін өңдеуге келісімі.
Шартты түрде оқуға алу
NUSOM Қабылдау комиссиясы резидентура бағдарламалары бойынша UMC Қабылдау комиссиясы оқуға алуға ұсынған үміткерлерді қарастырады, алайда мұндай үміткерлерді оқуға алу туралы түпкілікті шешімді NUSOM Қабылдау комиссиясы қабылдайды.
Шартты түрде қабылдау бойынша Бағдарламаға құжаттарын ұсынатын үміткерлерде келесі құжаттар болу керек:
- Медицина мектептерінің бүкіләлемдік анықтамалығына сәйкес танылған университетте алынған МД дәрежесі немесе балама жоғары медициналық дәреже (елде тәуелсіз емдеуші дәрігер ретінде практикамен айналысу үшін тіркелу немесе сертификат алу құқығын беретін медициналық біліктіліктің ең жоғары деңгейі). Өтінімдерді беру кезеңі ішінде соңғы оқу жылының студенттері ағымдағы ресми транскрипттерді ұсына алады. Оқуға қабылдауға ұсынылған үміткерлер Бағдарламаға қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін түпкілікті транскрипт пен диплом ұсынулары тиіс. Университеттің түлектері кейіннен бір айдың ішінде дипломды ұсына отырып, дәреже берілгенін растайтын транскрипттің негізінде бағдарламаға қабылданады;
- негіздеме хатта Бағдарламаға қызығушылық пен уәждеменің жоғары деңгейін көрсету;
- 2 (екі) құпия ұсыным хат;
- UMC-ден ұсыным хат.
Бірінші оқу жылына Шартты түрде алынған үміткерлерге келесі шарттар қолданылады:
- медицина негіздері бойынша (іргелі ғылымдар) (BSE) немесе USMLE step 1 халықаралық емтихан нәтижелерімен есеп;
- IELTS тесті бойынша жалпы балл 6,0 немесе одан жоғары (тек бір бөлімде ғана кемінде 5.5 балл рұқсат етіледі) немесе ETS веб-сайтында көрсетілген TOEFL-дің баламалы балы.
- Білімінің және практикалық тәжірибенің сәйкестігін, сондай-ақ баламалықты және бұрын алынған дәрежелердің сәйкестігін Қабылдау комиссиясы Медицина мектептерінің бүкіл дүниежүзілік анықтамалығына сәйкес айқындайды.
- Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде:
- ағылшын тілі ресми қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде Медицина докторы дәрежесін немесе балама жоғары медициналық дәреже алғанда;
- ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша Медицина докторы дәрежесін немесе балама жоғары медициналық дәреже алғанда;
- егер үміткер Назарбаев Университетінің түлегі болып табылса, ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін.
Резидентура бағдарламасына арналған құжаттар пакеті
Барлық ұсынылған құжаттар ағылшын тілінде немесе нотариалдық куәландырылған ағылшын тіліндегі аудармасымен болуы тиіс:
- Өтінімнің толтырылған нысаны;
- Жеке куәлік немесе паспорт;
- UMC-ден ұсыным хат;
- Атын/тегін өзгерткенін растайтын ресми құжат (егер қолданылса);
- Медицина докторының дипломы немесе жоғары медициналық дәрежеге балама транскрипт;
- Оқу немесе клиникалық мекемелер соңғы 12 айдың ішінде берген 2 құпия ұсыным хат, резидентураның нақты бағдарламасымен байланысты мекеме артықшылыққа ие (ұсыным беретін тұлғалар электронды немесе қағаз нысанында ұсынады);
- Негіздеме хат (500 сөзден аз емес);
- Медициналық анықтама 075у (резиденттер үшін) немесе жалпы денсаулық жағдайын көрсететін ұқсас медициналық анықтама (халықаралық үміткерлер үшін);
- Сотталғаны немесе сотталмағаны туралы анықтама;
- Үміткердің/студенттің жеке деректерін өңдеуге келісімі.

Тау-кен және Жер туралы ғылымдар мектебі - NU SMG

Қабылдау талаптары:
- Бакалавр және магистр дәрежелері (немесе баламалары). Онлайн тіркелу кезеңінде магистратура бағдарламасының соңғы курс студенттері ағымдағы транскриптті ұсына алады;
- Магистр және/немесе бакалавр дәрежелері бойынша CGPA (қорытынды орташа білім көрсеткіші) 4.00-ден кем дегенде 2.75 болуы тиіс;
- Ағылшын тілін меңгеру деңгейі:
- 1) IELTS тесті бойынша жалпы балл 6.5 (әр секция бойынша кемінде 6.0 балл) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы.
TOEFL iBT Home Edition, TOEFL PDT, IELTS Online және IELTS Indicator нәтижелері қарастырылмайды; - 2) Бағдарламаға түсетін үміткерлер мынадай жағдайлардың бірінде ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін:
- 1) IELTS тесті бойынша жалпы балл 6.5 (әр секция бойынша кемінде 6.0 балл) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы.
- үміткер академиялық дәрежесін ағылшын тілі ресми түрде қарым-қатынас және оқыту тілі болып табылатын елде алған жағдайда;
- ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша бакалавр / магистр дәрежесін алған жағдайда.
- Талдау және математикалық қабілеттерін GRE немесе GMAT тестілерінің нәтижелері арқылы көрсетуі (болғаны абзал);
- Негіздеме хатында көрсетілген жоғары мотивация және бағдарламаға байланысты қызығушылық.
Конкурстық іріктеуге катысу үшін кажетті құжаттардың тізімі:
Барлық ұсынылған құжаттар ағылшын тілінде немесе нотариалдық куәландырылған ағылшын тіліндегі аудармасымен болуы тиіс:
- Толтырылған өтінім беру нысаны;
- Жеке куәлік (ҚР азаматтары үшін) немесе төлқұжат (шетел азаматтары үшін);
- Аты-жөнін өзгерту туралы құжат (болған жағдайда);
- Бакалавр және магистр дипломдары және олардың қосымшалары. Онлайн тіркелу кезінде магистратура бағдарламасының соңғы курс студенттері жеке кабинетке ағымдағы ресми транскриптерін жүктей алады;
- IELTS/TOEFL ТЕКСЕРУ ҚЫЗМЕТТЕРІ (IELTS/TOEFL VERIFICATION SERVICES) арқылы жіберілген (бағдарламаға құжаттарды онлайн тапсыру сәтінде жарамды), ресми электронды IELTS/TOEFL сертификаты. IELTS үшін код: NU. TOEFL үшін код: 6762;
- Ағылшын тілінде білім алғанын растайтын құжат (IELTS/TOEFL нәтижелерін тапсырудан босатылуды қалайтын үміткерлер үшін). Аталмыш үміткерлер жоғары оқу орнынан ағылшын тілінде оқытылған пәндердің саны және тізімі көрсетілген анықтыма тапсыруы қажет;
- Құжаттарды тапсыру сәтінде жарамды GRE немесе GMAT сертификаттары (болғаны абзал);
- Үміткердің алдыңғы білімі, бағдарламаға жеке мүдделілігі, кәсіби дамуының ұзақ мерзімді мақсаттары және бұл бағдарлама оған алдына қойған мақсаттарына жетуіне қалай көмектесе алатынын сипаттайтын негіздеме хат (500 сөз);
- Cоңғы 12 ай ішінде жазылған екі құпия ұсыным хат, екеуінің кем дегенде біреуі академиялық ұсыным болуы тиіс (ұсыным беретін тұлғалар электрондық немесе қағаз түрінде ұсынады). Ұсыным хаттарын ұсыну жөніндегі нұсқаулықпен мына сілтеме арқылы таныса аласыз;
- Түйіндеме (1 беттен аспайтын).

Жоғары бизнес мектебі - NU GSB

Қабылдау талаптары:
- Бакалавр және магистр дәрежелері (немесе баламалары). Онлайн тіркелу кезеңінде магистратура бағдарламасының соңғы курс студенттері ағымдағы транскриптті ұсына алады;
- Магистр дәрежесі бойынша CGPA (қорытынды орташа білім көрсеткіші) 4.00-ден кем дегенде 2.75 болуы тиіс;
- Ағылшын тілін меңгеру деңгейі:
- 1) IELTS тесті бойынша жалпы балл 6.5 (әр секция бойынша кемінде 6.0 балл) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы.TOEFL iBT Home Edition, TOEFL PDT, IELTS Online және IELTS Indicator нәтижелері қарастырылмайды;
- 2) Бағдарламаға түсетін үміткерлер мынадай жағдайлардың бірінде ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін:
- үміткер академиялық дәрежесін ағылшын тілі ресми түрде қарым-қатынас және оқыту тілі болып табылатын елде алған жағдайда;
- ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша бакалавр / магистр дәрежесін алған жағдайда.
- GMAT немесе GRE тесттерінің нәтижелері;
- Негіздеме хатында бағдарламаға жоғары мотивация мен үлкен қызығушылықты көрсету;
- Жазбаша зерттеу жоспарында тиісті ғылыми қызығушылық пен зерттеу пәні туралы білімді көрсету.
Конкурстық іріктеуге катысу үшін кажетті құжаттардың тізімі:
Барлық ұсынылған құжаттар ағылшын тілінде немесе нотариалдық куәландырылған ағылшын тіліндегі аудармасымен болуы тиіс:
- Толтырылған өтінім беру нысаны;
- Жеке куәлік (ҚР азаматтары үшін) немесе төлқұжат (шетел азаматтары үшін);
- Аты-жөнін өзгерту туралы құжат (болған жағдайда);
- Бакалавр және магистр дипломдары және олардың қосымшалары. Онлайн тіркелу кезінде магистратура бағдарламасының соңғы курс студенттері жеке кабинетке ағымдағы ресми транскриптерін жүктей алады;
- IELTS/TOEFL ТЕКСЕРУ ҚЫЗМЕТТЕРІ (IELTS/TOEFL VERIFICATION SERVICES) арқылы жіберілген (бағдарламаға құжаттарды онлайн тапсыру сәтінде жарамды), ресми электронды IELTS/TOEFL сертификаты. IELTS үшін код: NU. TOEFL үшін код: 6762;
- Ағылшын тілінде білім алғанын растайтын құжат (IELTS/TOEFL нәтижелерін тапсырудан босатылуды қалайтын үміткерлер үшін). Аталмыш үміткерлерге жоғары оқу орнынан ағылшын тілінде оқытылған пәндердің саны және тізімі көрсетілген анықтыма тапсыру қажет;
- GMAT немесе GRE тесттерінің нәтижелері;
- Негіздеме хат. Негіздеме хатта бағдарламаға жоғары мотивация мен үлкен қызығушылықты көрсету. Үміткердің бұрынғы білім беру мансабын, оның бағдарламаға деген қызығушылығын, ұзақ мерзімді мансаптық мақсаттарын және бағдарламаның оған осы мақсаттарға жетуге қалай көмектесетінін сипаттайтын мотивациялық хат (500 сөз).
- Соңғы 14 ай ішінде жазылған екі құпия ұсыным хаттары (ұсыным беретін тұлғалар электрондық немесе қағаз түрінде ұсынады). Ұсыным хаттарын ұсыну жөніндегі нұсқаулықпен мына сілтеме арқылы таныса аласыз.
- Докторантура бағдарламасы бойынша зерттеу жоспары. Жазбаша зерттеу жоспарында тиісті ғылыми қызығушылық пен зерттеу пәні туралы білімді көрсету. Алдын ала зерттеу жоспары (1500-2000 сөз), үміткер бағдарлама аясында жүргізгісі келетін зерттеу тақырыбын баяндайды.
- Түйіндеме (1 беттен аспайтын).

Жоғары мемлекеттік саясат мектебі - NU GSPP

Қабылдау талаптары:
- Бірінші дәрежелі үздік немесе жоғары екінші дәрежелі (немесе баламасы) не болмаса магистр дәрежесі немесе баламасы (2-цикл). Онлайн тіркелу кезеңінде магистратура бағдарламасының соңғы курс студенттері ағымдағы транскриптті ұсына алады.
- Бакалавр және/немесе магистр дәрежесі бойынша CGPA (қорытынды орташа білім көрсеткіші) 4.00-ден кем дегенде 3.0 болуы тиіс;
- Үш жылдық жұмыс өтілі. Мемлекеттік басқару докторы бағдарламасы үшін сегіз жылдық жұмыс өтілі, оның ішінде кемінде бес жыл мемлекеттік секторда басшылық қызметте болу керек. Егер үміткер жоғары академиялық үлгерім көрсете алса, Қабылдау комиссиясының қалауы бойынша жұмыс тәжербиесі аз үміткерлер де қарастырылуы мүмкін.
- Ағылшын тілін меңгеру деңгейі:
- 1) IELTS тесті бойынша жалпы балл 6.5 (әр секция бойынша кемінде 6.0 балл) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы.TOEFL iBT Home Edition, TOEFL PDT, IELTS Online және IELTS Indicator нәтижелері қарастырылмайды;
- 2) Бағдарламаға түсетін үміткерлер мынадай жағдайлардың бірінде ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін:
- үміткер академиялық дәрежесін ағылшын тілі ресми түрде қарым-қатынас және оқыту тілі болып табылатын елде алған жағдайда;
- ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша бакалавр / магистр дәрежесін алған жағдайда;
- Талдау және математикалық қабілеттіліктерін GRE немесе GMAT тестінің нәтижелері арқылы көрсетуі (болғаны абзал);
- Негіздеме хатта көрсетілген жоғары мотивация және бағдарламаға байланысты қызығушылық;
- Зерттеу пәнінің ғылыми негіздемесінде көрсетілгендей, тиісті зерттеу пәніне қызығушылық және сәйкес білім болуы қажет.
Конкурстық іріктеуге катысу үшін кажетті құжаттардың тізімі:
Барлық ұсынылған құжаттар ағылшын тілінде немесе нотариалдық куәландырылған ағылшын тіліндегі аудармасымен болуы тиіс:
- Толтырылған өтінім беру нысаны;
- Жеке куәлік (ҚР азаматтары үшін) немесе төлқұжат (шетел азаматтары үшін);
- Аты-жөнін өзгерту туралы құжат (болған жағдайда);
- Бакалавр және магистр дипломдары және олардың қосымшалары. Онлайн тіркелу кезінде магистратура бағдарламасының соңғы курс студенттері жеке кабинетке ағымдағы ресми транскриптерін жүктей алады;
- IELTS/TOEFL ТЕКСЕРУ ҚЫЗМЕТТЕРІ (IELTS/TOEFL VERIFICATION SERVICES) арқылы жіберілген (бағдарламаға құжаттарды онлайн тапсыру сәтінде жарамды, ресми электронды IELTS/TOEFL сертификаты. IELTS үшін код: NU. TOEFL үшін код: 6762;
- Ағылшын тілінде білім алғанын растайтын құжат (IELTS/TOEFL нәтижелерін тапсырудан босатылуды қалайтын үміткерлер үшін). Аталмыш үміткерлерге жоғары оқу орнынан ағылшын тілінде оқытылған пәндердің саны және тізімі көрсетілген анықтыма тапсыру қажет;
- Жұмыс өтілін куәландыратын ресми құжат;
- Түйіндеме (1 беттен аспайтын);
- Құжаттарды тапсыру сәтінде жарамды GRE немесе GMAT сертификаты (болғаны абзал);
- Үміткердің алдыңғы білімі, бағдарламаға жеке мүдделілігі, кәсіби дамуының ұзақ мерзімді мақсаттары және бұл бағдарлама оған алдына қойған мақсаттарына жетуіне қалай көмектесе алатынын сипаттайтын негіздеме хат (500 сөз);
- Cоңғы 12 ай ішінде жазылған екі құпия ұсыным хат (ұсыным беретін тұлғалар электрондық немесе қағаз түрінде ұсынады). Ұсыным хаттарын ұсыну жөніндегі нұсқаулықпен мына сілтеме арқылы таныса аласыз;
- Үміткердің бағдарламада жалғастырғысы келетін зерттеу тақырыбы сипатталатын зерттеу пәнінің ғылыми негіздемесі (2000 сөз).

Жоғары білім беру мектебі - NU GSE

Қабылдау талаптары:
- Бакалавр және магистр дәрежелері (немесе баламалары). Онлайн тіркелу кезеңінде магистратура бағдарламасының соңғы курс студенттері ағымдағы транскриптті ұсына алады;
- Магистр дәрежесі бойынша бәсекеге қабілетті CGPA (қорытынды орташа білім көрсеткіші);
- Ағылшын тілін меңгеру деңгейі:
- 1) IELTS тесті бойынша жалпы балл 7.0 (әр секция бойынша кемінде 6.0 балл) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы.
TOEFL iBT Home Edition, TOEFL PDT, IELTS Online және IELTS Indicator нәтижелері қарастырылмайды; - 2) Бағдарламаға түсетін үміткерлер мынадай жағдайлардың бірінде ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін:
- 1) IELTS тесті бойынша жалпы балл 7.0 (әр секция бойынша кемінде 6.0 балл) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы.
- үміткер академиялық дәрежесін ағылшын тілі ресми түрде қарым-қатынас және оқыту тілі болып табылатын елде алған жағдайда;
- ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша бакалавр / магистр дәрежесін алған жағдайда.
- Екі жыл жұмыс өтілі. 2 жылдан кем жұмыс өтілі бар үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен конкурстық іріктеуге қатысуы мүмкін;
- Талдау және математикалық қабілеттіліктерін GRE тестінің нәтижелері арқылы көрсетуі (болғаны абзал);
- Негіздеме хатында көрсетілген жоғары мотивация және бағдарламаға қызығушылық;
- Зерттеу пәнінің ғылыми негіздемесінде көрсетілгендей, тиісті зерттеу пәніне қызығушылық және сәйкес білімі.
Конкурстық іріктеуге катысу үшін кажетті құжаттардың тізімі:
Барлық ұсынылған құжаттар ағылшын тілінде немесе нотариалдық куәландырылған ағылшын тіліндегі аудармасымен болуы тиіс:
- Толтырылған өтінім беру нысаны;
- Жеке куәлік (ҚР азаматтары үшін) немесе төлқұжат (шетел азаматтары үшін);
- Аты-жөнін өзгерту туралы құжат (болған жағдайда);
- Бакалавр және магистр дипломдары және олардың қосымшалары. Онлайн тіркелу кезінде магистратура бағдарламасының соңғы курс студенттері жеке кабинетке ағымдағы ресми транскриптерін жүктей алады;
- IELTS/TOEFL ТЕКСЕРУ ҚЫЗМЕТТЕРІ (IELTS/TOEFL VERIFICATION SERVICES) арқылы жіберілген (бағдарламаға құжаттарды онлайн тапсыру сәтінде жарамды), ресми электронды IELTS/TOEFL сертификаты. IELTS үшін код: NU. TOEFL үшін код: 6762;
- Ағылшын тілінде білім алғанын растайтын құжат (IELTS/TOEFL нәтижелерін тапсырудан босатылуды қалайтын үміткерлер үшін). Аталмыш үміткерлерге жоғары оқу орнынан ағылшын тілінде оқытылған пәндердің саны және тізімі көрсетілген анықтыма тапсыру қажет;
- Жұмыс өтілін куәландыратын ресми құжат;
- Құжаттарды тапсыру сәтінде жарамды GRE сертификаты (болғаны абзал);
- Үміткердің алдыңғы білімі, бағдарламаға жеке мүдделілігі, кәсіби дамуының ұзақ мерзімді мақсаттары және бұл бағдарлама оған алдына қойған мақсаттарына жетуіне қалай көмектесе алатынын сипаттайтын жеке эссе (300-500 сөз);
- Cоңғы 24 ай ішінде жазылған үш құпия ұсыным хат (ұсыным беретін тұлғалар электрондық немесе қағаз түрінде ұсынады). Ұсыным хаттарын ұсыну жөніндегі нұсқаулықпен мына сілтеме арқылы таныса аласыз;
- Үміткердің бағдарламада жалғастырғысы келетін зерттеу тақырыбы сипатталатын зерттеу пәнінің ғылыми негіздемесі (1500-2000 сөз);
- Түйіндеме (1 беттен аспайтын).

Маңызды мерзімдер
2025-2026 академиялық жылғы конкурсқа қатысатын үміткерлер үшін маңызды күндер
Барлық грант түрлері үшін:
- Шетелдік үміткерлер үшін: 2026 жылғы 3 наурыз сағат 14:00-ге дейін (Астана уақытымен);
- Қазақстан Республикасының азаматтары үшін: 2026 жылғы 30 наурыз сағат 14:00-ге дейін (Астана уақытымен).
IELTS/TOEFL, GRE/GMAT сертификаттарын тапсырудың соңғы мерзімі
Барлық грант түрлері үшін:
- Шетелдік үміткерлер үшін: 2026 жылғы 12 наурыз;
- Қазақстан Республикасының азаматтары үшін: 2026 жылғы 8 сәуір.
Ақмарал Агибаева
School of Engineering and Digital Sciences • Құрылыс инженериясы



Марсело Лопез Лара, Мексика
Graduate School of Education • Білім беру саласындағы PhD студенті, 2017 жылдың түлегі Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі



Камила Разиева
School of Medicine • Ph.D. in Biomedical Sciences, 2024



Хабарландырулар
Жиі қойылатын сұрақтар
Сіздерде қазақ немесе орыс тілінде оқытылатын магистратура және докторантура бағдарламалары бар ма?
Жоқ. Барлық магистратура және докторантура бағдарламалары ағылшын тілінде оқытылады. Тек Басшыларға арналған МВА бағдарламасы ағылшын тілінде оқытылғанымен, сабақ барысында орыс тіліне ілеспе аударма қолданылады.
Жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламаларға түсу үшін түсу емтихандарын немесе кешенді тест тапсыру керек пе?
Назарбаев Университетіне түсу үшін кешенді тестілеу нәтижелері қарастырылмайды.
Барлық бағдарламалар, егер бұрын түсуші ағылшын тілінде оқымаған болса, стандартталған ағылшын тілін білу тестін (IELTS/TOEFL) тапсыруды талап етеді.
Жалпы, жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламаларға түсу үшін тиісті бағдарламаның Қабылдау комиссиясы өтінімнің барлық элементтерін назарға ала отырып, түсушінің құжаттар топтамасын қарайды:
- мотивациялық хат, онда сіз белгілі бір мамандыққа түсу себептерін және сіздің дамуыңыз үшін осы таңдаудың салдарын ашасыз;
- таңдалған мамандыққа қатысты пәндер бойынша транскрипт және бағалар;
- алдыңғы тәжірибелер мен жетістіктерді көрсететін ұсыныс хаттар;
- қабылдау комиссиясымен сұхбат нәтижелері.
Жоғарыда айтылғандардан басқа кейбір бағдарламаларға GRE, GMAT, ALEKS емтихандар нәтижелері, жұмыс тәжірибесі қажет. Медицина мектебінің бағдарламаларына қойылатын талаптарда ерекше емтихандар бар.
Жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламаларға қалайша өтінім беруге болады және құжаттарды тапсыру мерзімі қандай?
Магистратура бағдарламалары бойынша өтінім беру мерзімдері: Магистратура бағдарламаларға құжаттарды қабылдау мерзімдерімен танысу үшін сілтеме бойынша өту керек.
Докторантура бағдарламалары бойынша өтінім беру мерзімі: Докторантура бағдарламаларға құжаттарды қабылдау мерзімдерімен танысу үшін сілтеме бойынша өту керек.
Сұхбат қалай жүргізіледі? Қандай сұрақтар қойылады? Неге дайындалу керек?
Сұхбат онлайн немесе офлайн түрінде ағылшын тілінде өтеді және 15 минут немесе одан да көп уақытқа созылады.
Әрбір Қабылдау комиссиясы бағалаудың өзіндік әдістемесін әзірлейді, сондықтан сұрақтар бағдарламаға байланысты өзгеруі мүмкін. Сұхбатта университеттің Қабылдау комиссиясының мүшелері келесілерді тексеру үшін сұрақтар қоя алады:
- Сіздің академиялық тұрғыдан дайындық деңгейіңіз. Сіз оқу бағдарламаңызды сәтті аяқтай алу және таңдаған оқу бағдарламаңыздың академиялық талаптарын орындай алу мүмкіндігіңіз.
- Бәсекеге қабілеттілік. Қабылдау комиссиясының мүшелері Сіздің басқа үміткерлермен бәсекелесу қабілетіңізді бағалайды.
- Сіздің басымдықтарыңыз. Көбінесе оқуға түсушілер бір уақытта бірнеше оқу орындарына немесе бағдарламаларға құжаттарды тапсырады. Қабылдау комиссиясы қай университетке немесе бағдарламаға артықшылық бергіңіз келетінін сұрауы мүмкін. Сондай-ақ, сұрақтар пәндік саланы білуге және Сіздің өтініміңізде ұсынылған ақпаратты ашуға қатысты болуы мүмкін.
- Сіз университеттің дамуына өз үлесіңізді қоса аласыз ба? Студенттердің Университет өміріне белсенді қатысуы және оның дамуына барынша үлес қосуы өте маңызды.
- Әлеуеті. Қабылдау комиссиясы Сіз болашақта жақсы студент боласыз ба, таңдалған мамандыққа деген қызығушылығыңызды жоғалтпайсыз ба және Сізді оқуда жетістікке жетуге не итермелейтінін білу маңызды.
Көріп отырғаныңыздай, сұхбаттағы тақырыптар Сіздің мотивациялық жазбаңызбен тығыз байланыста.
Жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламаларға оқуға түскісі келетін үміткерлерге арналған әрекеттер реті қандай?
- Магистратура немесе докторантура бағдарламасын таңдау қажет. Сіз бір уақытта екі магистратура және/немесе докторантура бағдарламасына құжат тапсыра аласыз. Екі бағдарламаға да оқуға түскен жағдайда, үміткерге біреуін таңдау қажет.
- Бағдарламаға оқуға түсу талаптарын мұқият оқу және онлайн өтінім беруге құжаттарды дайындау.
- Порталда таңдалған бағдарламаның белгілеген мерзімінде онлайн тіркелу және барлық құжаттарды жүктеу.
- Шақырылған жағдайда, Қабылдау комиссиясымен сұхбаттасудан сәтті өту. Сұхбаттасу ағылшын тілінде өтеді.
- Сәтті қабылдау үшін бағдарлау аптасынан өтіп, сіз оқыған мектеппен келісімшартқа отыру керек.




