Білім халықаралық қатынастар үшін маңызды — Эрик Лоури

2023 жылғы 6 наурызда British Council Қазақстандағы кеңсесінің директоры Эрик Лоури мырза университет қауымдастығына: студенттерге, оқытушыларға және қызметкерлерге - арналған қонақтық лекциялар сериясы аясында Назарбаев Университетіне келді. Өз дәрісінде Лоури мырза картограф ретіндегі мансабынан бастап Қазақстандағы British Council кеңсесінің директорына дейінгі жеке өмірінің тарихымен бөлісті.

2023 жылғы 6 наурызда British Council Қазақстандағы кеңсесінің директоры Эрик Лоури мырза университет қауымдастығына: студенттерге, оқытушыларға және қызметкерлерге — арналған қонақтық лекциялар сериясы аясында Назарбаев Университетіне келді.

Өз дәрісінде Лоури мырза картограф ретіндегі мансабынан бастап Қазақстандағы British Council кеңсесінің директорына дейінгі жеке өмірінің тарихымен бөлісті. Лоури мырзаның өте қызықты мансап жолы болды, ол өз жұмысының басында Арктикадағы мұздың қозғалысын зерттеді. Ол кейін Бутандағы Корольдік отбасының ағылшын тілі мұғалімі болды. Өзінің бүкіл мансабын шетелде әртүрлі елдерде өткізіп, British Council кеңесіндегі дипломатиялық қызметте аяқталды.

Ол білімнің саясат, экономика, сауда және даму сияқты халықаралық қатынастар үшін маңызды екеніне қатты сенеді. Эрик Лоури мырза Африка, Азия және Латын Америкасының тоғыздан астам елінде Британдық Кеңесте жұмыс істеді. Лоури мырза өзінің мансабында бітірушілердің еңбек нарығының қажеттіліктеріне дайын болуын және қажетті дағдылардың болуын қамтамасыз ету үшін орта және жоғары білім беру секторларында сапаны қамтамасыз етуге бағытталған Ұлыбритания үкіметі мен қабылдаушы елдің бірлескен білім беру бағдарламаларының бірқатарын жұмысқа орналасу үшін басқарды.

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53