Назарбаев Университетінің NURIS Инновациялық кластерінің зертхана басшысы Айдар Әлімбаев пен Инженерлік робототехника кафедрасында жұмыс істейтін Постдокторант Азамат Ешмұхаметов Ұлттық арнаның Ашық Алаң бағдарламасына қатысты. Білікті мамандар студияға IT-саласының дамуы, Қазақстанның IT-державасы болуға мүмкіндіктері туралы талқылауға шақырылған. Қонақтар сонымен қатар Назарбаев Университетінің осы саладағы үлесі туралы айтып, стартаптарға қандай қолдау көрсетілгені туралы сөз салды.








