Назарбаев Университетінің Инженерлік робототехника кафедрасында жұмыс істейтін Постдокторант Азамат Ешмұхаметов және NURIS Инновациялық кластерінің зертхана менеджері Айдар Әлімбаев «Қазақстан» Ұлттық арнаның «Ашық Алаң» бағдарламасына қатысты. Білікті мамандар студияға IT-саласының дамуы, Қазақстанның IT-державасы болуға мүмкіндіктері туралы талқылауға шақырылған. Қонақтар сонымен қатар Назарбаев Университетінің осы саладағы үлесі туралы айтып, стартаптарға қандай қолдау көрсетілгені туралы сөз салды.








