NLA зертхананың жетекші ғылыми қызметкері Батухан Татықаев бұл технологиялар күн сәулесінің әсерінен судағы ластаушы заттардың зиянсыз элементтерге ыдырауын жеделдетіп, таза ауыз суға қол жеткізуге және ауаның сапасын жақсартуға көмектесетінімен бөлісті. Назарбаев Университетінің зертханасында жүргізілген зерттеулер осы технологияларды практикалық қолдануды табуға және елдегі экологиялық мәселелерді шешу және таза энергетиканы дамыту үшін коммерциялық өнімдерді әзірлеуге бағытталған. Осындай фотокатализаторлардың қалай жұмыс істегенін Білімді ел мақаласында білуге болады.








