Үш жылдық үзілістен кейін осы жазда Алматыда nFactorial Incubator бағдарламалау бойынша тегін жазғы мектеп өз жұмысын қайта бастады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба “Шеврон” компаниясы мен Satbayev University қолдауымен ITeachMe қоғамдық қорының арқасында жүзеге асты. Үш ай ішінде олар үздік қазақстандық және халықаралық IT-компаниялардың 15 ментор-практиктері жетекшілігімен веб-бағдарламалау бойынша білім алды. Сонымен қатар, Meta, Google, Apple, Reddit, Кремний алқабы мен ТМД стартаптарының жетекші әзірлеушілері мен дизайнерлері олар үшін дәріс оқыды. Жобаның нәтижесінде қатысушылар 100-ден астам бірегей веб-қосымшаларды жасады, үздіктері Demo Day-де ұсынылды.
Финалға 20 жоба өтті. Қазылар алқасының шешімімен олардың үшеуі байқау жеңімпазы атанды. 1-орын NU SEDS-тегі Компьютерлік ғылымдар мамандығы бойынша баклавриаттың 4-курс студенті Бауыржан Әбеновке бұйырды. Оның веб-тюнері домбыра, қыл-қобыз және прима-қобыздың құлақ күйін келтіруге арналған.
«Домбыра тюнер» жобаңыз туралы айтып өтсеңіз?
“Dombyra Tuner” – домбыра, қыл-қобыз және прима-қобыз сияқты қазақтың музыкалық аспаптарының құлақ күйін келтіруге мүмкіндік беретін веб-қосымша (браузерлерде жұмыс істейді). Қолданба жеке қажеттіліктен туды десе болады. Мен университетіміздің оркестрінде домбырада ойнадым, бір қызығы, біз домбыраны “Guitar Tuna” қолданбасы арқылы күйге келтірдік. Гитарада домбыра ішектерімен үндес екі ішек (G және D) бар, сондықтан оның қолданылуы біздің дәстүрлі музыкалық аспапымызға да сай болды. Дегенмен, гитара тюнері емес, домбыраның құлақ күйін өз тюнер қолданбаммен келтіру қызықты болды, сондықтан мен “Домбыра тюнерін” жасадым.
Осындай тартысты бәсекеде бірінші орын алу қаншалықты қиын болды?
Өте қиын болды. Көптеген nFactorial Incubator финалистері өте күрделі жобаларды жасады, ал менікі қарапайым болып көрінді. Сонымен қатар, шынымды айтсам, бірінші орын аламын деп мүлде ойламадым. Дегенмен, менің ойымша, жобаның күрделілігімен қатар, көп нәрсе маңызды болды. Сондай-ақ, адамдарға сіздің жобаңыздың не екенін, оның неге маңызды екенін және оның қалай жұмыс істейтінін көрсету өте маңызды болды. Мен қазылар алқасы мен адамдар менің жобамның идеясын нақты түсінгенін қаладым әрі оны жасай алдым деп үміттенемін.
Келесі қадамдар қандай?
Мен “Dombyra Tuner” қолданбасын смартфондармен үйлесімді еткім келеді және оны браузерлерде ғана емес, барлық мобильді қолданбалар дүкендерінде орналастырғым келеді. Жоспардағы келесі қадамдарым осындай.
Бауыржанның айтуынша, жазғы мектепке қатысушылардың тең жартысы NU SEDS студенттері. Солардың бірі – Алмаз Балғали. Алмаз да бакалавриаттың студенті. Қазір ол Компьютерлік ғылымдар мамандығы бойынша екінші курста оқуда. Оның “Trainy” қолданбасы кез келген тақырыпқа эссе жазуға көмектеседі.
“Trainy” – жазу дағдыларын үйренгісі келетін адамдарға арналған эссе жазу платформасы. Ол сіз жаттығуға болатын әртүрлі режимдерді, статистиканы, мысалы, күніне қанша сөз жазғаныңызды, 1000 жазылған эссе сияқты жетістіктерді және достарыңыздың хабарламаларына жауап бере алатын және олардың үлгерімін қадағалай алатын арналарды ұсынады.Жоба альфа нұсқасынан шыққаннан кейін мектептермен және университеттермен, ең алдымен, жазу дағдыларын үйренуді қажет ететін адамдармен бөлісуді жоспарлап отырмын».
nFactorial инкубатордың NU SEDS-тен барған тағы бір қатысушысы — Абай Қаппасов. Ол бакалавриаттың төртінші курс студенті. Ол да rомпьютерлік ғылымдар мамандығы бойынша білім алуда. Оның “See Me Travel” қолданбасы саяхатшыларға арналған.
«See Me Travel» — бұл адамдардың саяхат тарихын сақтай алатын арнайы қызметтің жоқтығы мәселесін шешу үшін жасалған қосымша. Ол саяхатты жақсы көретін және өзінің ерекше тәжірибесін бүкіл әлеммен бөліскісі келетіндерге арналған. Ол үшін пайдаланушыларға пайдаланушыларға елдер бойынша фотосуреттері бар саяхаттар тарихын қамтитын интерактивті 3D картасын жасау ұсынылады, олар автоматты түрде жасалған сілтеме арқылы бөлісе алады», — деді Абай.
Біз талантты студенттерімізді құттықтаймыз және өз салаларында жаңа белестерді бағындырып, табысқа жетуді тілейміз!








