Орын тапшылығы рейтингін Алматы мен Астана қалалары және Түркістан облысы басқарып жатыр.
Мақалада Назарбаев Университетінің жатақханасы туралы да мәлімет берілген. 2023-24 оқу жылындағы жағдай бойынша оның жатақхана қоры 4 796 төсек орнымен қамтылған. Бұл, докторантураны қоспағанда, барлық бағдарламалар бойынша студенттердің жалпы санының 71%-ін орналастыруға мүмкіндік береді. Университет жаз бойы жатақхана қорын ұлғайту үшін жұмыс істеп, орындардын саның 8%-ға көбейтті. Жалпы, жоғары оқу орнына дейінгі дайындық (Foundation) және бакалавриат бағдарламалары бойынша оқитын аймақтардан, басқа қалалардан келген студенттің барлығы жатақханадан баспанамен қамтамасыз етілгені жазылған «Айқын«.








