Ғылым және жоғары білім министрі аз уақыттың ішінде 13 мыңға жуық ғалымды қатарға қосуға ниеттеніп отыр. NU ғылым докторы Азамат Ешмұхаметовтың пікірінше, ғалымдардың азайып кетуіне бірден-бір әсерін тигізген фактор – ғылыми институттардың тек мемлекет тарапынан бөлінген грантқа өмір сүруі. Сонымен қатар, жобаларды соңына дейін қаржыландырмай, жарты жолдан тастап кете салады дейді ол Aikyn.kz мақаласында.








