Әңгіме қазақ тілінің мәртебесіне, отарлаудан кейінгі өткен дәуірдің халықтардың мәдениеті мен тіліне тигізген әсері, Алтын Орданың құлау себептері, сондай-ақ, түркі халықтарын біріктіру мүмкіндіктеріне байланысты сұрақтардың төңірегінде өрбіді. Профессор латын әліпбиіне көшу бастамасы күрделі мәселеге айналғанын да айтты, өйткені Қазақстан латын графикасын қабылдаған түркі тілдес халықтарының қолданысындағы әліпбиіне ұқсамайтын жол іздеуде деді ол Halyq Uni-ге берген сұхбатында.








