Форум «Дәрі-дәрмек пен дербес медицинаны дамытуға жаңа көзқарас» тақырыбына арналып, денсаулық сақтау саласындағы озық жетістіктерді зерттеуге бағытталған практикалық семинарлар мен кездесулерді қамтыды. Форумға Азия елдерінің университеттері альянсына (AUA) мүше оқу орындарынан 30-дан астам студент қатысты, олардың қатарында NU-дың Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінен Ілияс Изнат, Диана Бекешова, Инженерлік және цифрлық ғылымдар мектебінен Әлтайыр Қосымбаев, Досбол Еран, сондай-ақ Медицина мектебінен Диана Найман бар.