барлық жаңалықтар
9 қазан 2023 Оқиғалар#NUgoesGLOBAL

Академиялық алмасу: NU мен Гонконг университеті келісімге қол қойды

Академиялық алмасу: NU мен Гонконг университеті келісімге қол қойды

9 қазан 2023

Осы мақаламен бөлісіңіз

Назарбаев Университеті Гонконг университетімен студенттермен алмасу туралы келісіміне қол қойып, академиялық алмасу бағдарламаларына қызығушылық танытқан студенттерге қосымша мүмкіндіктердің пайда болғанын мақтанышпен хабарлайды.

2023 жылғы 9 қазанда Назарбаев Университетіне сапармен Гонконг университетінің Вице-президенті, өнер факультетінің деканы, профессор Дерек Коллинз келді. NU басшылығымен кездесу барысында тараптар студент алмасу бойынша маңызды құжатқа қол қойды. Жаңа келісім-шарт аясында әр тараптың төрт бакалавриат және магистратура студенті алмасу бағдарламасына қатысып, серіктес университетте білім алу мүмкіндігіне ие болады. Гонконг университетінің профессоры Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықты, осыдан 10 жыл бұрын ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Назарбаев Университеті қабырғасында жариялаған «Бір белдеу, бір жол» жобасының жұмысын ерекше атап өтті.

Гонконг университеті 1911 жылы құрылған және 2024 жылғы Дүниежүзілік университеттер рейтингінде (THE WUR) 35-орында тұрған әлемдік деңгейдегі зерттеу университеті ретінде беделге ие. Институт академиялық алмасу бағдарламалары арқылы жаһандық ынтымақтастықты дамытуға және бүкіл әлемнен зерттеушілерді тартуға ұмтылады. Қазіргі уақытта университетте 90 елден 5000-ға жуық шетелдік студенттер бар, сонымен қатар университет 47 елдің 430-дан астам жетекші университеттерімен академиялық алмасу және бірлескен ғылыми жобалар саласында серіктестік орнатқан.

NU мен Гонконг университетінің ынтымақтастығы университет қауымдастығын ғана емес, сонымен қатар екі елдің болашақтағы экономикалық және мәдени байланыстарына үлес қосады деп күтілуде.

Ұқсас жаңалықтар