барлық жаңалықтар
10 маусым 2025 Оқиғалар#NUgoesGLOBAL#NUstudents

NU және әлем: 2025 жылғы шетелдік түлектермен қоштасу кеші

NU және әлем: 2025 жылғы шетелдік түлектермен қоштасу кеші

10 маусым 2025

Осы мақаламен бөлісіңіз

NU-да 2025 жылы оқуын аяқтап жатқан шетелдік студенттермен қоштасу кеші өтті.

Іс-шараға ЖОО басшылығы, Түлектер қауымдастығының өкілдері, сондай-ақ 20 елден және түрлі контитенттерден келген түлектердің өздері жиналды.

Жиналғандар алдында NU президенті профессор Вакар Ахмад пен вице-президенттер Кадиша Дайырова және Әсел Увалиева сөз сөйледі. Профессор Ахмад университеттің халықаралық қоғамдастығының маңызы туралы айта келе: 

"Мәдени әртүрліліксіз әлемдік деңгейдегі университетті елестету мүмкін емес. Біз әлемнің түкпір-түкпірінен келген таланттар білім алып, таным көкжиегін кеңейту үшін NU-ды таңдап жатқанын мақтан тұтамыз. Бүгін Сіздер NU-дың өсіп келе жатқан түлектер қауымдастығы қатарына қосыласыздар — олардың саны қазірдің өзінде 12 мыңға жақындап келеді. Бұл жас университет үшін үлкен жетістік және Сіздер — осы оқиғаның бір бөлігісіздер. Біздің түлектер білімнің дамуына ықпал етіп, елдер арасында көпір ретінде жаңа болашақты қалыптастыруда".

Өз кезегінде Түлектер қауымдастығының төрағасы Ербол Төлегенов NU түлектеріне ашылатын мүмкіндіктер туралы айтып берді. Ол кәсіби мансабы бойынша жеке оқиғасымен бөлісіп, бүкіл әлем бойынша түлектер желісінің қалай жұмыс істейтінін айтты.

"Осындай әртүрлі болғанымызға қарамастан, бізді не біріктіреді? Мен бұл құндылықтар деп санаймын. Адалдық пен ортақ игілікке үлес қосуға деген ұмтылыс — тек өз елінің ғана емес, бүкіл әлемге пайдалы болуға тырысу. Біз бір-бірімізді қолдай отырып, керемет идеяларды жүзеге асыра аламыз", — деді ол.

2025 жылы 5 студент бакалавриат, 42 студент магистратура және 17 студент докторантура бітіріп жатыр. Оқу бойы олар жоғары сапалы білім алып қана қоймай, бірегей халықаралық қоғамдастықтың бір бөлігіне айналды.

"Мен мұнда бір кездері студент ретінде келген едім, ал бүгін мен Nazarbayev University түлегі екенімді мақтан етемін. Мен мұнда білім алып қана қоймай, жеке тұлға ретінде өстім. Достар тауып, жаңа мәдениеттер туралы білдім, бір биік дүниенің бір бөлігіне айналдым. Бұл тәжірибе менімен мәңгіге қалмақ", — деп бөлісті Медицина мектебінің түлегі Эммануэль Закка.

"Мен NU қауымдастығын ешқашан естен шығармаймын, осы жолда кездестірген әр адам есімде қалады. Мейірімділік, қолдау және жылулық үшін рақмет", — деп қосты Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің түлегі Айман Ниязова.

Іс-шара студенттердің әсерлі қойылымдарымен, әндерімен және жылы лебіздерімен аяқталды. Бұл кеш түлектердің алдында ашылатын жаңа көкжиектердің және өмір бойы жалғасатын берік байланыстардың символына айналды.

Шетелдік түлектерімізге жаңа жолда табыс, жарқын жетістіктер және жаңа шыңдарды бағындыруды тілейміз!

 

Ұқсас жаңалықтар