NU студенттері мен президенті ұлы Абай мен Шәкәрімнің туған жеріне саяхаттап қайтты

“Kazakh Stage” студенттік клубының 34 студенті сәуірдің басында Абай облысының орталығы киелі Семей қаласына, ары қарай ұлылар дүниеге келген Жидебайға апарып келді. Сапар мақсаты – қазақ әдебиеті мен мәдениетіне елеулі үлес қосқан қазақтың белгілі философтары, ақындары, қоғам және саяси қайраткерлері Абай Құнанбайұлы мен Шәкәрім Құдайбердіұлының мұрасын зерттеу.
NU профессорлары балаларға «Ертегілер әлеміне саяхат» ұйымдастырды

Назарбаев Университетінің кітапханасында Халықаралық балалар әдебиеті күніне арналған «Ертегілер әлеміне саяхат» атты іс-шара өтті. Ұйымдастырушылар – НУ кітапханасының менеджерлері Петр Лапо, Ғазиза Тарик, Еуразия Ұлтық Университетің өкілі Жаслан Нұрбаев, және NU Жоғары білім беру мектебінің профессорлары Дуйшон Шаматов, Джанет Хелмер мен Мишель Бедекер мен магистранттары Әйгерім Байжұмаева мен Арай Сәрсенбай.
Академиялық алмасу: NU мен Гонконг университеті келісімге қол қойды

2023 жылғы 9 қазанда Назарбаев Университетіне сапармен Гонконг университетінің Вице-президенті, өнер факультетінің деканы, профессор Дерек Коллинз келді. NU басшылығымен кездесу барысында тараптар студент алмасу бойынша маңызды құжатқа қол қойды.
NU түлегінің жобасы Базель бейбітшілік кеңсесі байқауының (PACEY) финалына шықты

Аружан Ауданбекова бейбітшілік, климаттық қауіпсіздік және қарусыздану салаларына үлес қосқысы келетін белсенді жастардың инновациялық жобаларын қолдайтын Базель бейбітшілік кеңсесінің PACEY байқауының финалисі атанды. Ол Назарбаев Университетінің бакалавриатын «Әлеуметтану» мамандығы бойынша бітірген.
ҚР Парламенті Сенат депутаттарының Назарбаев Университетіне сапары

Сапар мақсаты – еліміздің жетекші университетінің қызметімен, және отандық ғылымның дамуына үлес қосып жүрген қазақстандық жас ғалымдармен танысу. Кездесу барысында NU Президентінің міндетін атқарушы доктор Илесанми Адесида сенаторларға ғылыми-зерттеу университетінің қызметі, оның принциптері, дамудың негізгі кезеңдері мен халықаралық беделді рейтингіне кіруі туралы айтып берді.
Тәжірибе алмасу: NU басшылығының Қазақстандағы Heriot-Watt филиалына сапары

8 қыркүйекте Назарбаев Университетінің (NU) Президент м. а.
NU профессорының кітабы электрондық кітап рейтингтердің көшін бастап тұрды

Назарбаев Университеті Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің (NU GSPP) профессоры және академиялық мәселелер жөніндегі деканның орынбасары Риккардо Пелиццо «Жауапкершілік мәдениеті. Демократиялық ізгілік» кітабін итальяндық саясаттанушы және Болон университетінің профессоры Джанфранко Паскуиномен бірлесіп жазған.
Назарбаев Университетінің басшылығы ауысты

Ол бұған дейін Қазақстанның Білім және ғылым министрі лауазымында жұмыс істеген және әлемдік деңгейдегі университет болып табылатын NU-дың құруының басы-қасында болған. Сонымен қатар, ҚК шешімімен NU-дың жаңа вице-президенттері тағайындалды:Біләлов Дархан, жоғары білім саласындағы PhD докторы.
Нидерланд Корольдігі Елшісінің қонақ дәрісі

Дәріс университет қауымы студенттер, оқытушылар және қызметкерлер үшін өткізілді. Елші Қазақстанға 2 ай бұрын келіп, Қазақстан Республикасының Президентіне агреман табыстады.
Назарбаев Университетінде «Бір белдеу, бір жол» бастамасының 10 жылдығына арналған конференция өтті

2023 жылдың 7 қыркүйегінде Назарбаев Университетінде «Бір белдеу, бір жол» жаһандық бастамасының 10 жылдығына, сондай-ақ Қытай мен Орталық Азия арасындағы өзара серіктістігінің «алтын ғасырына» арналған конференция өтті. Шараны қытайдың «Синьхуа», «China Daily» ақпарат агенттіктері және Қытайды зерттеу орталығы ұйымдастырды.