Назарбаев Университеті мен Қазақстандағы БҰҰДБ меморандумға қол қойды

Назарбаев Университет және Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) гендерлік теңдікті ілгерілетуге және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге арналған университеттер альянсын құруды көздейтін меморандумға қол қойды. Альянс оқытушылар құрамы, зерттеушілер мен студенттерді біріктіріп, озық тәжірибемен бөлісу, зерттеулер жүргізу мен гендерлік теңдікті ілгерілетуге арналған платформа болады.
Профессор Сарбасов: обырға қарсы дәріннің клиникалық сыңақтары басталды

Белгілі қазақстандық-америкалық биолог, Назарбаев Университетінің Астана Ұлттық Зертханасының (АҰЗ) бас директоры Дос Сарбасов ұжымымен бірге зерттеліп жүрген обырға қарсы дәрінің клиникалық зерттеулерінің басталуы туралы айтты. «Жақында біз клиникалық сынақтарды Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтымен бірлесіп бастадық.
Шигео Катсу Марракештегі Дамушы нарықтар форумында сөз сөйлейді

Жыл сайынғы шара биыл Марракеште (Марокко) Жаңа Оңтүстік саясат орталығымен бірлесіп өтті. Іс-шара Дүниежүзілік банк пен Халықаралық Валюта Қорының жыл сайынғы кездесулерімен тұспа-тұс келіп, «Климаттың өзгеруі, теңсіздік және жаһандық бөлшектену мәселелерін шешу үшін басқаруды күшейту» тақырыбына арналды.
Қазақстанда креативті экономикада қалай ақша табуға болады?

Креативтік экономика – бұл БАҚ, кино және анимация, музыка, өнер, білім беру, ақпараттық технологиялар және басқа да бағыттарды қамтитын сала. Atameken Business телеарнасындағы «Дневной формат» бағдарламасының қонақтары бұл саланы қалай дамытып, одан қалай табыс табуға болатынын талқылады.
Қазақ тілін үйрену қиын ба? НУ-дың америкалық ұстазының тәжірибесі

Тілдерге құмар Ракель Рейнаджел өзінің қазақ тіліңдегі блогымен қазақстандықтарға танымал. Назарбаев Университетінің Дайындық мектебінің аға оқытушысы Қазақстан халқының тілдері мейрамына орай, Хабар арнасындағы таңғы “Оян” бағдарламасының құрметті қонағы болды.
Жаңа түсіндірмелер мен ескі мифтер: Қазақстандағы тарих оқулықтары

NU GSPP профессорлары Азиз Бұрханов пен Дина Шарипова жазған «Жаңа түсіндірмелер мен ескі мифтер: Қазақстандағы тарих оқулықтары» атты зерттеу мақаласы Cambridge University Press басылымының Nationalities Papers жинағында жарияланған. Мақала Қазақстандағы ұлттық бірегейлік пен тарихтың мемлекет бекіткен нұсқаларын талдау арқылы ұлттық бірегейлікті құрудағы оқулықтардың рөліне арналған.
«Соңғы он жылдағы нөл пайыздық мөлшерлеме қайтып келмейді» — Л.Шукнехт

11 шілдеде Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкінің (AIIB) Вице-президенті және Корпоративтік хатшысы Людгер Шукнехт Назарбаев Университетінде қонақтық дәріс оқыды. Демалыс уақытына қарамастан Назарбаев Университетінің ондаған студенттері мен оқытушылары экономикалық ортада беделді сарапшының дәрісіне қызығушылық танытты.
IT туралы айту: NU өкілдері “Ашық алаңда”

Назарбаев Университетінің Инженерлік робототехника кафедрасында жұмыс істейтін Постдокторант Азамат Ешмұхаметов және NURIS Инновациялық кластерінің зертхана менеджері Айдар Әлімбаев «Қазақстан» Ұлттық арнаның «Ашық Алаң» бағдарламасына қатысты. Білікті мамандар студияға IT-саласының дамуы, Қазақстанның IT-державасы болуға мүмкіндіктері туралы талқылауға шақырылған.
Назарбаев Университеті Торонто университетімен ынтымақтастық орнатты

Қол қойылған өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде тараптар бірлескен ғылыми зерттеулер, студенттік ұтқырлық бағдарламалары, оқытушылармен алмасу, дәрістерге, конференцияларға және басқа да академиялық іс-шараларға қатысу бойынша ынтымақтасуға келісті. Студенттік ұтқырлық туралы келісім аясында әр университеттің төрт бакалавриат және магистратура студенттері алмасу бағдарламасына қатысуға мүмкіндік алады.
NU Халықаралық студенттері «Give Back To Kazakhstan» қайырымдылық жобасы аясында қаржы жинады

Назарбаев Университетінің Халықаралық студенттер қауымдастығы (NUAIS) NU Түлектері қауымдастығымен бірлесе отырып, Астананың Сарыарқа ауданы мен Қызыл Жарты Айдың қолдауымен үш аптаның ішінде 1,7 миллион теңге қайырымдылық қаражат жинай алды, бұл университет тарихындағы қайырымдылыққа жиналған ең үлкен сома. Барлығы 83 отбасы мен 26 жетім балаға азық-түлік, күнделікті тұрмысқа қажетті заттар, жылы киімдер, аяқ киімдер, ойыншықтар және кітаптар сияқты көмек көрсетілді.