Heading Central Asia’s Leading University

NU is an innovative institution delivering world-class teaching and research. Located in Astana, it is the product of a ground-breaking partnership between the Republic of Kazakhstan and several of the world’s leading research universities.
Amazon тәжірибесі қазақстандық телеком үшін

Назарбаев Университетінің түлегі Нұрсұлтан Хамзин Forbes басылымына Amazon-дағы тәжірибесі Tele2/Altel-де стратегиялық бағытты басқаруға қалай көмектесетінін айтып берді. Нұрсұлтан McKinsey-дегі тәжірибесі, Гарвард бизнес мектебінде оқығаны туралы айтып, Қазақстандағы 5G желісі туралы пікірімен бөлісті.
NU GSPP магистрлік бағдарламалары беделді NASPAA аккредитациясын алды

Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебі (NU GSPP) өзінің Мемлекеттік саясат магистрі (MPP) және Мемлекеттік басқару магистрі (MPA) магистратура бағдарламаларының Мемлекеттік істер мен басқару мектептерінің ұлттық ассоциациясымен (NASPAA) сәтті аккредиттелгенін қуана хабарлайды. Мемлекеттік қызметшілерге арналған білім берудегі әлемдік стандарт болып саналатын бұл беделді аккредитация NU GSPP-дің мемлекеттік саясат пен үкіметте сапалы білім беруге ұмтылысын және Мектептің академиялық және кәсіби шеберліктің ең жоғары стандарттарын мойындауын растайды.
Мотивациялық хатты қалай жазуға болады?

Осы және өзге де сауалдар «Оян!» шоуында талқыланады. Назарбаев Университетінің қабылдау комиссиясының студенттері мен қызметкерлері өз ойларын айтып, кеңес береді.
Тәуелсіздік Күнімен құттықтау!

Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік концертке Назарбаев Университетінің қауымдастығы — басшылары, профессорлық ұжым өкілдері, қызметкерлер мен студенттері жиналды. Назарбаев Университетінің Атқарушы вице-президенті Аслан Сәрінжіпов құттықтау сөз барысында бүкіл NU қауымдастығын және қазақстандықтарды осы айтулы оқиғамен құттықтады.
NU-дың Жоғары бизнес мектебі AMBA аккредитациясын алу жолында

Бұл сапар беделді қос аккредитацияға ұмтылу жолындағы маңызды қадам болып табылады және университеттің әлемдік деңгейдегі бизнес-білім беруге ұмтылысыты көрсетеді. AMBA және BGA аккредитациясына деген саяхаты 2023 жылдың ақпан айында ресми қызығушылық хатын жіберуден басталды.
Тәжірибемен бөлісу: NU-да университеттердегі бизнес-инкубаторларды дамыту мәселелері талқыланды

Шара Назарбаев Университетінің инновациялық кластерінің стартаптарды қолдау бағдарламаларының қорытынды NURIS Demo Day іс-шарасы аясында ұйымдастырылды. Қатысушылар отандық университеттердегі инновациялық экожүйелерді дамыту мәселелерін талқылады.
Назарбаев Университеті гендерлік сексуалды объектілеуді айыптайды

Бүгін таңертең университет басшылығына студент қыздардың сыртқы келбетін бағалауға шақырып, олардың келісімінсіз фотосуреттерін жариялаған студент жасаған веб-сайттың пайда боғаны белгілі болды. Студенттік істер департаментінің Тәртіпті сақтау және студенттердің мүдделерін қорғау бөлімі мен Студенттік үкімет бірлесіп веб-сайтқа кіруге тыйым салу үшін оны өшіру бойынша шұғыл шаралар қабылдады.
Назарбаев Университеті мен KENTECH университеті (Оңтүстік Корея) Меморандумға қол қойды

2023 жылғы 14 қыркүйекте Назарбаев Университеті Корея энергетикалық технологиялар институтымен (KENTECH) өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Екі жас, прогрессивті университеттің өкілдері құжатқа өз қолдарын KENTECH делегациясының NU кампусына сапары барысында қойды.
НУ-да климаттың өзгеруімен күресу бойынша жастар конференциясы өтті

10-13 шілде аралығында Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебінде(NU GSPP) ауыл мұғалімдері мен жастарының қатысуымен климаттың өзгеруі туралы конференциясы өтті. Жоба Дүниежүзілік банктің көмегімен RESILAND CA+ бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.