Жасанды интеллект дәуірінде оқыту қалай өзгеріп жатыр?

Студенттерді өз бетінше ойлауға қалай үйретуге болады? Ал оқытушыларға сабақ беру әдістерін жетілдіруге уақыт пен мүмкіндік қалай беріледі? Бұл мәселелер Nazarbayev University-де өткен NU Teaching Conference 2026 халықаралық конференциясының негізгі тақырыбына айналды. Іс-шараға Қазақстанмен қатар Қырғызстан, Өзбекстан, Ұлыбритания, АҚШ, Үндістан, Филиппин, Пәкістан, БАӘ, Мексика және Түркиядан келген 200-ге жуық қатысушы жиналды. Конференцияны NU Жоғары білім […]
Орталық Азиядағы медициналық білім беруді трансформациялау: болашақ медицина мамандарын даярлау

Денсаулық сақтау саласының өзгеріп отырған қажеттіліктеріне жауап бере отырып, медициналық жоғары оқу орындары болашақ дәрігерлерді қалай даярлауы керек? Бұл ретте оқыту сапасын, клиникалық практиканың жоғары стандарттарын және пациенттердің қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етуге болады? Осы мәселелер 2026 жылғы 28–29 қазанда Астанада Nazarbayev University Медицина мектебі (NU SOM) ұйымдастырған «Орталық Азиядағы медициналық білім беруді трансформациялау: оқыту сапасын […]
Өткенді зерттеуді жасанды интеллектке сеніп тапсыруға бола ма? Археологтар саланың жаңа сын-қатерлерін талқылады

Nazarbayev University (NU) жанында өткен халықаралық конференцияда жасанды интеллект, цифрлық технологиялар мен ашық деректер базасының археологиялық зерттеулерді қалай өзгертетіні және мәдени мұраны қорғау саласында қандай жаңа мәселелер туындататыны талқыланды. Жасанды интеллект мәдени бірегейлікке нұқсан келтірмей, өткен тарихты құжаттауға қалай көмектесе алады? Археологиялық нысандар туралы цифрлық деректерге кім қол жеткізе алуы керек? Ал ашық жарияланған ақпарат […]
Жасанды интеллект дәуірінде терең ойлауға үйрететін кітапхана: NU-де EALC-2026 конференциясы өтті

22–23 қазанда Nazarbayev University-де өткен академиялық кітапханалардың 14-ші Еуразиялық конференциясында жасанды интеллектінің білім мен ғылымға ықпалы, терең оқу мәдениеті және университет кітапханаларының өзгеріп жатқан рөлі талқыланды. Конференциядағы негізгі тақырыптардың бірі — жасанды интеллект кеңінен қолданылып жатқан кезеңде кітапханалардың қызметі мен міндеттерінің өзгеруі. Бүгінде технологиялар қажетті ақпаратты жылдам табуға, көлемді мәтіндерді қысқаша мазмұндауға және үлкен деректер […]
NU ғалымдары Қазақстанның су балансын зерттеу нәтижелерін ұсынды

NU жанындағы National Laboratory Astana (NLA) зерттеушілері спутниктік деректер мен жерүсті бақылауларын пайдалана отырып, Қазақстанның бес су шаруашылығы бассейнінің су балансын бағалауға арналған ғылыми жобаның нәтижелерін ұсынды. Зерттеу еліміздің су ресурстарының жай-күйін тереңірек түсінуге және оларды басқаруда ғылыми деректерді пайдалану мүмкіндіктерін зерделеуге бағытталған. Жоба 2024–2026 жылдары Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің […]
Зияткерлік пен қауіпсіздік тоғысындағы алғашқы SIDe’26 конференциясы

Цифрлық технологиялардың қауіпсіздік пен сенімге нұқсан келтірмей, интеллектуалды болуын қалай қамтамасыз етуге болады? Бұл мәселе NU-да өтіп жатқан Қауіпсіз және интеллектуалды цифрлық экожүйелер жөніндегі алғашқы халықаралық конференцияның (SIDe’26) басты тақырыбына айналды. Халықаралық сарапшылар жасанды интеллект қарқынды дамып, жаңа технологиялық сын-қатерлер туындаған кезеңде цифрлық жүйелердің сенімділігін қалай қамтамасыз ету керектігін талқылауда. Конференцияны ашқан NU провосты, профессор […]
Бизнеске арналған жасанды интеллект шешімдерін кім әзірлейді? AIST 2026 конференциясы

Жасанды интеллектіні бизнеске тиімді енгізу үшін дайын ЖИ құралдарын қолдана алатын мамандармен қатар, осы технологияларды әзірлеп, бейімдеп, жетілдіре алатын сарапшылар да қажет. Ғылыми зерттеулердің маңызы мен қажетті кәсіби дағдылар туралы 16–18 қазанда NU-да өткен AIST 2026 халықаралық конференциясында айтылды. Конференцияға 130-дан астам қатысушы жиналды. Оның ғылыми қауымдастығына Еуропа, Азия және Солтүстік Американың кемінде 25 еліндегі […]
NU ғалымдары Қазақстан тарихына арналған жаңа жетітомдық еңбекті әзірлеуге қатысты

Nazarbayev University (NU) ғалымдары 2021 жылы Қазақстан Президентінің тапсырмасымен әзірлене бастаған «Қазақстанның ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі тарихы» атты жетітомдық академиялық еңбекті дайындауға қатысты. NU ассистент-профессоры Михаил Акулов бас редакциялық алқа құрамына еніп, 1917–1991 жылдар аралығын қамтитын алтыншы томның редакторы болды. Алтыншы томды әзірлеуге 74 зерттеуші атсалысты. Олардың 17-сі шетелдік ғалымдар. Авторлар он елдегі 81 […]
Мемлекеттік шешімдерге кім ықпал етеді? NU конференциясында билік институттарына деген қоғамдық сенім талқыланды

16–17 қазанда Назарбаев Университетінің Мемлекеттік саясат жоғары мектебінде (GSPP) Reimagining Governance: Power, Policy, and the Public Good in a Fractured World атты оныншы халықаралық конференция өтті. Ғалымдар, мемлекеттік органдардың өкілдері, зерттеушілер мен студенттер геосаяси шиеленіс пен технологияның қарқынды дамуы жағдайында саяси биліктің, кәсіби сараптаманың және қоғамдық сенімнің мемлекеттік шешімдер қабылдауға қалай ықпал ететінін талқылады. Конференцияны […]
Қалалар климаттық қауіптерге қалай төтеп бере алады: инженерлік шешімдер талқылануда

Қалалардың қарқынды дамуы жолдарға, теміржол желілеріне, сумен жабдықтау және кәріз жүйелеріне түсетін жүктеменің артуына алып келеді. Сонымен қатар климаттың өзгеруі инфрақұрылымның құрғақшылыққа, дауылдарға және басқа да табиғи қауіптерге қаншалықты төтеп бере алатыны туралы жаңа мәселелерді алға тартып отыр. Бұл мәселелер 14–15 қазанда NU-да өтіп жатқан инфрақұрылымның орнықтылығы және инженерлік қауіпсіздік жөніндегі алғашқы халықаралық конференцияның (RISE2026) […]