Made in NURIS электросамокаты

Сіз электросамокат сатып алу туралы ойлап көрдіңіз бе? Немесе оны өзіңіз құрастыру туралы ойыңыз болды ма? Мүмкін тіпті 3D принтерде басып шығару ойыңызға келді ме? Назарбаев Университетінің NURIS инновациялық кластерінде NU TEAM студенттер командасы электросамокаттың (немесе скутер) жаңа үлгісін әзірледі. Моделдің жұмыс атауы SteelG.
Назарбаев Университетінің Университет алдындағы дайындық бағдарламасына түспей-ақ оқитын бакалавриат бағдарламасына (тікелей түсу) 2020-2021 академиялық оқу жылына онлайн тіркелу ашылды!
Онлайн тіркеудің бірінші кезеңі 2019 жылғы 21 қазаннан бастап 2020 жылғы 16 ақпанға дейін (қоса алғанда) жалғасады. Стандартты тіркеу 2020 жылдың 17 ақпанынан 30 сәуіріне дейін ашық болады.
NU – a vector for modernization

NUR-SULTAN. KAZINFORM – Kazinform International News Agency shares the article of Shigeo Katsu, President of NU, in which he looks back at the past of NU and what the future holds for NU as it approaches its 10th Birthday.
Ақ жайлау-қазақ мәдениетімен танысудың жаңа орны

Назарбаев Университетінде студенттердің ынта-ықыласымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы, Инновациялық зияткерлік технологиялар академиясымен бірлесе отырып және Назарбаев университеті басшылығының қолдауымен «Ақ жайлау» Қазақ мәдениетінің ресурстық офисі (Cultural Resource Room) ашылды. Офистің «Ақ жайлау» деп аталуы тегін емес.
Назарбаев Университетіндегі Елшіліктер күні

2019 жылдың 4 қарашасында Назарбаев Университетінде (НУ) «Елшіліктер күні» шарасы өтті. Іс-шараның мақсаты дипломаттарды университет қызметімен таныстыру және дипломатиялық қауымдастықпен ынтымақтастықты одан әрі дамыту.
НУ студенті мұнай өндіруді ұлғайтудың инновациялық жобасын әзірледі
Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебінің студент-магистранты Дамир Кәрімов Ресей Мұнайгаз технологиялық конференциясы шеңберінде өткен студенттік жұмыстардың жыл сайынғы Ресей және Каспий өңірі SPE өңірлік конкурсында «Қабаттарды полимерлі суландырумен әлеуетті бірлесіп пайдалану үшін төмен минералдандырылған су құрамын оңтайландыру» тақырыбындағы жұмысымен 1 орынды иеленді. Баяндамада мұнай өндіруді молайту үшін әр түрлі екі әдісті біріктірудің тиімділігі қаралған.
НУ Ғалымдары адамның микробиом сапасының жас ерекшелігінің дамуына әсерін зерттейді

Альцгеймер (АА) ауруы – бұл еста сақтау қабілетінің жойылуымен, мінез-құлықтың және қимыл әрекетінің өзгеруімен, ал кейінгі кезеңдерде қалыпты күнделікті іс-әрекеттерді жүзеге асыру мүмкін еместігімен өтетін, ілгерінді созылмалы нейродегенеративті ауру. Назарбаев Университетінің ғалымдары АА диагнозы бар пациенттердің ішек микробиомының құрамын зерттей бастады.
Назарбаев Университетінде институционалдық зерттеулер бойынша форум өтті

10 және 11 қазанда Назарбаев Университеті «КИМЭП Университеті» АҚ-мен ынтымақтастықта «Институционалдық зерттеулер: академиялық сапаны қолдау, жоғары білім беруде жоспарлау және шешімдер қабылдау үшін деректерді пайдалану» тақырыбында Институционалдық зерттеулер бойынша бірінші Форумды өткізді. Форум жұмысына 25-тен астам университет пен басқа да ұйымдардың/агенттіктердің өкілдері, мәліметтерді жинаумен және талдаумен, сондай-ақ жоғары білім берудің сапасын қамтамасыз ету мен шешім қабылдау үшін мәліметтерді және ақпаратты пайдаланумен айналысатын білім саласындағы 80-ге жуық кәсіпқойлар қатысты.
НУ-да дәрілерге төзімді туберкулез штаммдарын зерттейді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша әлемде күн сайын туберкулезден 4 500-ге жуық адам қайтыс болады және 30 000 адам осы ауруға шалдығады. Соңғы онжылдықта көптік (мультирезистентті) және кең ауқымды дәрілерге төзімділігі бар туберкулездің пайда болуы осы аурумен күрестегі медицинана жетістіктеріне қауіп төндіріп отыр.
Alma mater: болашақ бүгіннен басталады

Біздің сұхбаттасымыз — Екатерина Хамзина, «Медицина докторы/MD» дәрежесі бар Медицина мектебінің түлегі. Екатерина өзінің Медицина мектебінде оқыған тәжірибесі мен болашақ дәрігерлік мансабы туралы әңгімелейді.