НУ қазақстандық «репетитор-студенттерге арналған Uber-ді» қолдады

Назарбаев Университеті қазақстандық студенттердің стартапын қолдады. Олар біздің оқушыларымызға емтиханға дайындалуға, шетелдік жоғары оқу орнына түсуге немесе тілдерді үйренуге көмектесетін «репетиторлар мен оқушыларға арналған Uber» түрін жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.
Назарбаев Университетінің ғалымдары сүйек тінінің регенерациясы бойынша жаңа әдісті ойлап тапты

20 қазан – Дүниежүзілік остеопорозбен күрес күні. Бұл сүйек тінінің тығыздығы мен құрылымы бұзылатын, созылмалы прогрессивті қаңқа ауруы.
НУ-да «Climate Talks» білім беру конференциясы өтті

Климаттың өзгеруінің салдары және осы жаһандық мәселенің шешімдері туралы «Climate Talks» конференциясында айтылды. Оның ұйымдастырушылары — NU Green Campus офисі, БҰҰДБ және «National Conservation Initiative» корпоративтік қоры.
НУ-да Орталық Азиядағы тұрақты даму мақсаттары мен COVID-19 сын-қатерлері талқыланды

2020 жылғы 15-16 қазанда Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебі (ЖМСМ) Ли Куан Ю Мемлекеттік саясат мектебі және Астана Мемлекеттік қызмет хабымен әріптестікте «Орталық Азиядағы орнықты даму мақсаттары және COVID-19 сын- қатерлері» тақырыбында жыл сайынғы төртінші конференция өткізді. Онлайн форматта алғаш рет ұйымдастырылған конференцияға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Грузия, Ресей, Ұлыбритания, Түркия, Грекия, Италия, Канада, Словения, Сингапур, Израиль және АҚШ-тың зерттеушілері, ғалымдары, сарапшылары, мемлекеттік қызмет практиктері және студенттер қатысты.
Сұрыптау керек пе немесе жоқ па?

Зерттеу шеңберінде өткізілген анонимді сауалнама Астана тұрғындарының ҚТҚ-ны сұрыптауға деген көзқарасын бағалауға алғашқы талпыныс болды және оның нәтижелері (мақалаға сілтеме жасайық), ғалымдардың пікірінше, Нұр-Сұлтан қаласында ҚТҚ-ны тиімді басқару жүйесін әзірлеу кезінде жергілікті билік органдарына пайдалы болуы мүмкін. 2018 жылдың сәуір айынан шілде айына дейін кездейсоқ іріктеу арқылы жүргізілген зерттеуге 18-ден 60 жасқа дейінгі әр түрлі жастағы 3281 респондент қатысты.
Онлайн іс-шараны жақсы өткізуге арналған 9 кеңес

Covid-19 пандемиясы бүкіл әлемдегі адамдардың күнделікті өмірін өзгертті. Жалғасып жатқан пандемия адамдарға қауіп төндіреді, физикалық алыстау әлеуметтік өзара әрекеттесудің жаңа болмысына айналды, ал оқу орындары онлайн режимінде оқыта бастады.
НУ және Мемлекеттік басқару академиясы қазақстандық мемлекеттік қызметшілерді оқытып шығарды

Жоғары буындағы 50 мемлекеттік қызметші «Жаңа формация басшысы» бағдарламасы аясында оқытудан өтті. Тренингке вице-министрлер, облыс, қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары, Президент Әкімшілігінің бөлім басшылары, сондай-ақ президенттік кадрлық резерв өкілдері қатысты.
«Карантин» режимі. НУ нақты уақыт режимінде

Төтенше жағдай режиміне және карантин енгізілуіне қарамастан, НУ қауымдастығы өкілдерінің ғылыми-зерттеу қызметі мен қоғамдық белсенділігі одан әрі жалғасады. Ол тек жаңа сатыға – онлайн-режимге көшті.
НУ студенттік оркестрі қашықтықтан оқыту кезінде атақты «Адай» күйін таспаға жазды

Назарбаев Университетінің (НУ) студенттері ерекше жобаны ұсынды. Жастар оркестрді жинап, онлайн-концертті бастады.
Пандемияға қарсы күресте Назарбаев Университеті қоғамдастығы қабылдайтын шаралар бойынша жаңарту

НУ қоғамдастығы бұрын болмаған зұлым вирустың елімізде таралуының басынан бастап оған қарсы күреске белсенді түрде тартылды, оқытушылардың тәжірибесін, кампус инфрақұрылымын, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді және басшылықтың қолдауын пайдалана отырып, пандемиямен күреске өз үлесін қосуға тырысты. Кампуста және одан тыс жерлерде тұратын студенттердің, ОПҚ және НУ қызметкерлерінің денсаулығы, қауіпсіздігі және әл-ауқаты университет үшін маңызды.