НУ зерттеушілері жөтелдің анализіне арналған қосымшаны ойлап тапты

Жөтелдің анализіне арналған мобильді қосымшаны НУ Медицина мектебі мен Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің зерттеушілері әзірледі. Cough Analyzer, әзірлеушілер өздерінің қосымшаларын дәл осылай атады, оны жасаудың басты мақсаты – бұл жөтел дыбыстарын жазу, талдау және саралау.
«Материалдардың физикалық құбылыстары мен қасиеттерін неғұрлым жақсы түсінсек, соғұрлым тиімді қолдана аламыз”

Біздің келесі әңгімелесушіміз — НУ физика кафедрасы қалыптасуының бастауында тұрған ғалым, профессор Жандос Өтеғұлов. Сұхбатында профессор өзінің АҚШ-тағы жұмысы туралы айтып, физика факультетінің қалай құрылғанын еске түсіріп, лазерлерге және олардың материалтану және оптикалық сенсорикаға деген қызығушылығын түсіндірді.
SmartTestPrep оқушыларға әлемнің үздік жоғары оқу орындарына түсуге және стипендиялар мен гранттар ұтып алуға көмектеседі

Өршіл және талантты балалар командасы Quest Ventures-тен $50 000 көлемінде қаржыландыру алған @smartestprep инновациялық стартап-жобасын іске қосты. Quest Ventures демеушісі және әріптесі Сингапурдағы ең ірі венчурлық компания Temasek болып табылады .
Нұр-Сұлтанда псориаздан емдейтін жаңа дәрі-дәрмекті сынақтан өткізуде

Назарбаев Университетінің зерттеушілері НУ коммерцияландыру офисінің қолдауымен жасаған псориаздан емдейтін препаратты еріктілерге сынақтан өткізе бастады. Қазіргі кезеңде ғалымдар препараттың биологиялық қауіпсіздігі мен тиімділігін зерттейді.
Ғарыш жақындап келеді

Oxford University Press «Monthly Notices of the Royal Astronomical Society» журналы Жаратылыстану, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің физика кафедрасы зерттеушілерінің мақаласын жариялады. «Айналудың құлаған жұлдыздардағы конвективті құйындардың эволюциясына әсері» деп аталатын жарияланымның авторлары НУ қауымдастырылған профессоры Ерназар Әбдікамаров, Француз астрофизигі, профессор Тьерри Фоглиццо және ЖГӘҒМ 4-курс студенті – физик Олжас Мұқажанов болды.
Назарбаев Университетінде Наурыз мейрамы тойланды

Назарбаев Университетінде көктемнің басты мерекесі – Наурыз мейрамын атап өтті. Биыл алғаш рет мереке онлайн формата өтті.
The Himalayan Times: Жаппай тестілеуді және байланыстарды қадағалауды бірге қолдану коронавирустың таралуын тиімді тежей алады деп есептейді зерттеу

NU ISSAI зерттеушілері байланыстарды іздеу және халықты кеңінен тестілеу инфекция мен өлім-жітімді едәуір төмендететінін анықтады.Әрі қарай оқу
Дағдарыс па, мүмкіндік пе: COVID-19-дың білім саласына әсері

Пандемия бүкіл әлемді қазіргі жағдайда жоғары білімді қайта қарастыруға қалай мәжбүр етеді? Назарбаев Университетінің Президенті Шигео Катсу Qazaq TV телеарнасына берген сұхбатында постковидтік әлемдегі білім беру жүйесі туралы ойымен бөлісті. [su_youtube url=»https://youtu.
The Times: Бие сүтінің «кемеліне жетуі»

Университеттің жетекші ғылыми қызметкері, профессор Алмагүл Кушугулова: «оның құрамында микробқа қарсы қасиеттері және патогендік бактериялармен, саңырауқұлақтармен және вирустармен күресуге көмектесетін лизоцим және лактоферин бар» — дейді. «Сонымен қатар, ферменттердің бай құрамына байланысты ол пайдалы бактериялардың көбеюіне септігін тигізеді және ішектеріміздегі қажетсіз бактериялардың көбеюін шектейді».
НУ Хамад бин Халифа Университетімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Назарбаев Университеті Катардың жетекші жоғары оқу орны — Хамад бин Халифа университетімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Үкіметаралық комиссия жұмысы аясындағы екі ел арасындағы білім және мәдени байланыстарды дамытуды қолдау туралы келіссөздер 2020 жылы басталған болатын.