Марокко Корольдігінің Елшісінің қонақ дәрісі

Дәріске университеттің әртүрлі мектептерінен барлық қызығушылық танытқан студенттер қатысты. Мохаммед Рашид Маанину келесі бағыттар бойынша білім алған: туризм, менеджмент және экономика.
«Білім мен кітапханаға ашық қолжетімділік: жетістіктер мен үрдістер» атты конференция NU-да өтті

2022 жылғы 27-28 қазан аралығында Назарбаев Университетінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары кітапханаларының қауымдастығы және Назарбаев университетінің кітапханасы ұйымдастырған «Білім мен кітапханаға ашық қолжетімділік: жетістіктер мен үрдістер» тақырыбында академиялық кітапханалардың 11-ші Еуразиялық конференциясы өтті. 2-күндік конференцияға АҚШ, Италия, Нидерланды, Түркия, Канада, Чехия, Филиппин, Ресей, Қырғызстан, Украина және Қазақстаннан шақырылған 23 спикер қатысты.
Оқудағы жетістіктері үшін «Декан тізіміне» кірген 107 NU SEDS студенттері марапатталды

2022 жылдың 4 қарашасында NU SEDS үздік студенттері, декан Вассилиос Турасcис, деканның орынбасары Елизавета Архангельская және NU SEDS кафедра меңгерушілері студентті марапаттау салтанатына жиналды. Профессор Турасcис үздік студенттерге мақтау қағаздарын табыс етті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Назарбаев Университетінің президенті Шигео Катсуды қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Назарбаев Университетінің президенті Шигео Катсуды қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Назарбаев Университетінің қазіргі жұмыстары мен алдағы кезеңге арналған жоспары туралы баяндалды.
Climate Talks климаттың өзгеруі саласындағы жетекші ғалымдардың басын қосты

Осы жылдың қараша айында Египетте өткен БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі 27-ші конференциясында ғасырдың соңына дейін жаһандық температураның 1,5 Цельсий градусқа дейін өсуін шектеу күштерінің жеткіліксіздігі туралы айтылды. Қатысушылар ұлттық жоспарларды қайта қарауға келісті.
Назарбаев Университеті NU түлектерінің кездесуін өткізді

5 қарашада Назарбаев Университетінде 2015-2022 жылдардағы түлектерді біріктірген кездесу өтті. Назарбаев Университеті түлектердің кездесуін төртінші рет ұйымдастырып отыр.
Отандық медицинаның жаңа мүмкіндіктері

Назарбаев университінің қабырғасында ғылыми жоба ретінде басталып, олардың жобалары бүгінде медицинада әлеуеті жоғары технологиялық шешімдерге айналған. НУ ғылыми қызметкерлері Жеңіс Отарбай мен Дархан Жолтаев инсульт алған немесе Паркинсон ауруына шалдыққан адамдарға өздерінің ойларын жеткізуге мүмкіндік беретін ақылды құрылғы туралы айтты.
НУ Елшіліктер күнін өткізді

Университет қалашығында өткен шараға 60-тан астам шетелдік дипломатиялық өкілдері шақырылды. Іс-шараның идеясы мәдениетаралық коммуникацияны және өзара сыйластықты ілгерілету, Назарбаев Университеті мен шет елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайту болып табылады.
NU SSH профессоры Дурвудхан Сұраған 2022 жылғы Халықаралық математиктер конгресінің модераторы болды

NU SSH профессоры Дурвудхан Сұраған 2022 жылғы 2-6 шілдеде Финляндияның Хельсинки қаласында өткен Халықаралық математикалық одақтың (IMU) Бас ассамблеясының отырысына, IMU марапаттау рәсіміне және жоғары математикалық сыйлық лауреаттарының дәрістеріне қатысты. Ол Қазақстаннан делегат ретінде шақырылды.
Жыл сайынғы кәсіби бағдарлаушылар семинарына тіркеу ашық

Семинар Назарбаев Университеті және Мектеп оқушыларының кәсіби бағдарлау халықаралық бірлестігімен бірлесе ұйымдастырылып отыр. Іс-шара 2022 жылдың 18 қарашасында Назарбаев Университетінде өтеді.