артқа

Тамақтану орындары

Кампустағы қолданыстағы қоғамдық тамақтану орындары туралы ақпарат
 

Green Food  асханасы (4-блок)

Назарбаев Университетінің студенттеріне, жұмыскерлерге және барлық қонақтарға арналған. Мәзірі – классикалық 6 тағамдық мәзір. Оған мыналар кіреді: көжелер, тіскебасарлар, салаттар, негізгі тағамдар, кондитерлік өнімдер және десерттер. Бекітілген кешенді ас мәзірі бар студенттік асхана.

Жұмыс кестесі: жұмыс күндері сағат 8.00-ден 19.00-ге дейін.

 

HP Canteen (19-блок)

бұл әр қонаққа қамқорлық көрсететін үлкен отбасы. Күн сайын біз Сіздерге ерекше ықыласпен және сүйіспеншілікпен тамақ әзірлейміз.

Асхана 24/7 жұмыс жасайды және онда үйде сапалы дайындалған ыстық тағамдардың үлкен ассортименті бар. Біздің асханада Сіздер әрқашан жаңа піскен кондитерлік өнімдердің көптеген түрлерінің дәмін тата аласыздар, сонымен қатар мекеме «Халал» сертификатына ие.

 

Corner Meal асханасы (D10-блок)

студенттер асханасы, онда студенттер дәстүрлі және әлемнің барлық елдерінің тағамдарын тата алады.

Corner Meal командасы жыл сайын үй-жайын жақсартады және келушілерге өте жайлы атмосфера жасайды. Бұл асханада фаст-фуд пен дұрыс тамақтану тағамдарының үлкен таңдауы бар.

Жұмыс кестесі:

Күн сайын сағат 8.00-ден 24.00-ге дейін.

Демалыс және үзіліссіз.

 

Университет асханасы (22-блок, 1-қабат)

студенттерге және жұмыскерлерге арналған.

Біздің асханада еуропалық, шығыс және дәстүрлі тағамдардың ассортиментін қамтитын әр күнге арналған түрлі мәзір бар.

Күнделікті мәзірге мыналар кіреді: көжелер, кондитерлік өнімдер, салаттар, негізгі тағамдар мен десерттер. Сондай-ақ, аспазшымен мәзірді алдын-ала келісе отырып, топқа арналған тағамдарға тапсырыс беру мүмкіндігі бар.

Жұмыс кестесі: күн сайын сағат 8.00-ден 22.00-ге дейін (жұмыс кестесі өзгеруі мүмкін).

 

Кафе Ôpetit (С3-блок)

бұл кез-келген адамға жайлы жағдай жасалған және ең дәмді тағамдарды татуға  болатын орын.

Бізде хош иісті кондитерлік өнімдердің, жеңіл тағамдардың және фастфудтардың кең ассортименті бар.

Сіздер, сондай-ақ дәмді үлкен пиццаға, пастаға, раменге және т.б. тапсырыс бере аласыздар.

Бұған қоса, Ôpetit командасы кофе-брейк және кешенді түскі аспен кәсіби түрде айналысады.

Біз Сіздерді асыға күтеміз!

Жұмыс кестесі: дүйсенбі-сенбі күндері сағат 08:00-ден 19:00-ге дейін.

 

Кафе «Күнде» С2 блогында орналасқан

Тұран даңғылы жақтағы NU-дың негізгі кіреберісінде орналасқан. «Күнде» кафесі – мүгедектігі бар адамдар кәсіпқойлармен бірге жұмыс жасайтын әлеуметтік жоба.

Мұнда кез келген көлемдегі топтарға арналған 100 орын бар. 500 адамға дейінгі фуршеттер мен кофе-брейктер, сонымен қатар корпоративті тамақтану және бизнес ланчтар бар.

Барлық тағамдар тапсырыс бойынша сапалы өнімдерден әзірленеді, тіпті өз өндірісіндегі нан өнімдері мен десерттер дайындалады.

Мәзірде көптеген еуропалық классикалық тағамдар, соның ішінде вегетариандық, сонымен қатар кампуста әйгілі рамен, карри және азиялық тағамдар бар.

Жұмыс кестесі: сағат 9: 00-ден 19: 00-ге дейін.

Instagram: kundecafe

 

Mokko cafe (3-блок)

бұл уақытыңызды барынша ыңғайлы өткізуге арналған заманауи кафе. Біз таңғы ас пен ыстық тағамдардың кең ассортиментін, классикалық және фирмалық салаттарды, десерттердің үлкен ассортиментін ұсынамыз, ең бастысы, біз нағыз хош иісті Вена кофесін ұсынамыз.

Сіздерге ыңғайлы болу үшін көптеген отыратын орындарды қамтыған коворкинг аймағы бар.

Жұмыс кестесі: жұмыс күндері 8: 30-дан 20:00-ге дейін.

 

Дринкит кофеханасы (C2, 1 қабат)

Дринкитте біз өзімізге таныс және ұнамды керемет кофе, зерделі қызмет пен жағымды атмосфераны мүлдем жаңа және таңқаларлық жайт – қолданба арқылы тапсырыс беру, технологиялылық және қонақтардың сүйікті сусынды әзірлеудегі толық еркіндігімен үйлестірдік.

Жұмыс кестесі: сағат 07:30-дан 22:00-ге дейін.

 

HP coffee (С2-блок, атриум)

Жаңа піскен кондитерлік өнімдер, дайын түскі ас және барлық талғамға сай сапалы кофе бар жайлы кофехана. Кофехана to go форматында жұмыс жасайды, дегенмен студенттерге арналған ыңғайлы орындар да бар. Біздің команда Сіздерге жедел қызмет көрсетуге және мейірімді атмосфераны ұсынуға әрқашан дайын. Біз C2 блогында орналасқанбыз, атриум.

Жұмыс кестесі: сағат 8:00-ден 21:00-ге дейін.

 

Espresso day (жоғарғы атриум)

көптеген кофе түрлерінің дәмін татуға болатын жайлы кофехана. Сіздерді жағымды атмосфера, сыпайы баристалар және кондитерлік өнімдер мен десерттердің кең таңдауы күтеді!

Жұмыс кестесі: күн сайын сағат 9.00-ден 22.00-ге дейін.

 

Daily Cup (төменгі атриум)

Университет қабырғасында пайда болған жайлы және қонақжай кофехана. Тәжірибелі баристалар тобы Сіздерге сүйікті сусындар дайындайды және оған жаңа піскен кондитерлік өнімдер немесе тағамдар ұсынады.

Мұнда Сіздер жағымды фондық музыканы тамашалай аласыздар, достарыңызды кездестіріп, алдағы күнге сергектік пен күш-қуат ала аласыздар.

Жұмыс кестесі:

Оқу уақыты кезінде

Жұмыс күндері: сағат 08:00-ден 01:00-ге дейін.

Демалыс күндері: сағат 08:00-ден 22:00-ге дейін.

Демалыс уақыты кезінде

Жұмыс күндері: сағат 08:00-ден 21:00-ге дейін

Демалыс күндері: сағат 08:00-ден 21:00-ге дейін.

 

«Barista» кофеханасы (1-блок және 23-блок)

арабика мен робустаның ең жақсы сорттарынан дайындалған таңдаулы кофені ұсынады. Кәсіби баристалар классикалық эспрессо, капучино, латте, сондай-ақ авторлық шайлар мен маусымдық ұсыныстарды дайындайды. Кофеден басқа Сіздер әртүрлі десерттерді, жаңа піскен тоқаштарды және жеңіл тағамдарды таба аласыздар. 

Жұмыс кестесі:

1-блок жұмыс күндері сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін

23 блок күн сайын сағат 9.00-ден 23.00-ге дейін.

 

Tapioca (атриум)

Университет аумағындағы кофехана мен шай үйі Сіздерді қуанышпен қарсы алады!

Хош иісті кофенің, сергітетін лимонадтардың, дәмді балмұздақтардың және көңілді бабл тидің дәмін татуға шақырады. Студенттерді, оқытушылар мен қонақтарды жайлылық пен керемет дәм атмосферасына бөленуге шақырамыз. Tapioca-да әркім өз қалауын таба алады.

Жұмыс кестесі: күн сайын сағат 09.00-ден 21.00-ге дейін.