барлық жаңалықтар
9 наурыз 2022

Назарбаев Университетінің студенттері Қазақстанда гендерлік теңдікті қолдау шеруін ұйымдастырды

Назарбаев Университетінің студенттері Қазақстанда гендерлік теңдікті қолдау шеруін ұйымдастырды

9 наурыз 2022

Осы мақаламен бөлісіңіз

Әлеуметтану және антропология студенттерінің қауымдастығы Қазақстандағы гендерлік теңдікті қолдау шеруін ұйымдастырды

Әлеуметтану және антропология студенттерінің қауымдастығы Қазақстандағы гендерлік теңдікті қолдау шеруін ұйымдастырды, оған Назарбаев Университетінің студенттік клубтары мен профессорлары қатысты. Іс-шара Халықаралық әйелдер күніне орайластырылып, 8 наурыз күні Университет кампусында өтті.

Іс-шараның басты мақсаты Қазақстан әйелдерінің проблемаларына, атап айтқанда жалақыдағы гендерлік теңсіздікке, әйелдердің STEM-кәсіптер мен әкімшілік лауазымдарда жеткіліксіз өкілдік етуіне, әйелдердің қоғамдық өмірге тең қатысуына кедергі келтіретін Қазақстандағы гендерлік стереотиптерге назар аудару болды.

"Біз-Қазақстандағы жетекші жоғары білім беру мекемелерінің бірі, Назарбаев Университетінің студенттері-теңдік пен әділеттілікке ұмтыла отырып, қазіргі әлемде әйелдер құқығы мәселесін көтерудің қажеттілігіне нық сенеміз. Біз үшін шеру - гендерлік теңдік идеясымен ынтымақты білдіру және 8 наурыздың әйелдер құқығын қорғау күні ретіндегі әлеуметтік маңыздылығын еске салу ретінде маңызды. Сондай - ақ, еліміздің әйелдеріне қолдау көрсетіп, Назарбаев университетінің жастардың бастамаларын қолдайтын ашық және прогрессивті мекеме ретіндегі ұстанымын белгілегіміз келеді," - деп өз пікірімен әлеуметтанушылар мен антропологтар Студенттік қауымдастығының мүшесі Лилия Мұхамеджанова бөлісті.

Ұйымдастырушы студенттер шеру манифесін оқып, онда әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық пен қысымшылыққа қарсы өз ұстанымдарын білдірді, Covid-19 пандемиясының білім беру және жұмыс саласындағы әйелдердің қазіргі проблемаларына теріс әсеріне назар аударды. Іс-шараға 100-ден астам адам қатысты.

Ұқсас жаңалықтар