Оқу

Мектептер

Назарбаев Университетінің академиялық және зерттеу бағдарламалары үздік 30 жоғары оқу орындарының рейтингісінде орын алатын жетекші университеттермен ынтымақтастықта әзірленген.

Мектепті таңдау
 
image

Оқытушылар

Біз халықаралық ғылыми – білім беру салаларында көшбасшылыққа ұмтыламыз. Халықаралық және жергілікті оқытушылар құрамы әлемнің озық тәжірибесін қолдана отырып, Қазақстанның академиялық ортасында кәсіби тәжірибелерімен бөліседі.

Көбірек білу

Назарбаев Университетінің Академиялық сапа тұжырымдамасы

Назарбаев Университеті институционалдық сапа мәдениетін дамытуға ұмтылады және студенттер басты рөл атқаратын интеграцияланған басқару құрылымы мен Академиялық сапа тұжырымдамасы арқылы оны үздіксіз жетілдіру идеясын дәріптейді.

Көбірек біліңіз

Кітапхана

Назарбаев Университетінің кітапханасы – кампустың аумағындағы ең танымал және адам көп жиналатын жерлердің бірі. Кітапхана ақпараттық ресурстар мен кітапхана ісі саласындағы соңғы технологияларға сәйкес жабдықталған. Кітапхананың жұмысы барынша автоматтандырылған. Оқу залдарында интернетке қосылған компьютерлер, автоматтандырылған кітап беру станциялары орнатылған. Пайдаланушылардың электрондық деректер базасына қолжетімділігі қамтамасыз етілген.

Бүгінгі күні кітапхана ағылшын тіліндегі ақпараттық ресурстардың (кітаптардың, мерзімді басылымдар мен электрондық ресурстардың) Қазақстандағы ең үлкен коллекциясына ие болып отыр.

Веб-сайтқа өту

Регистратор офисі

Регистратор офисі - университеттің академиялық бөлімі, студенттердің мәліметтер базасына, сонымен қатар оқу процесін ұйымдастыруға және бақылауға жауап береді.

Веб-cайтқа өту

Мансап және кәсіптік бағдарлау орталығы

Мансапты таңдау отбасынан басталады, Университетте жалғасады және жұмыс берушіде соңғы нәтижесі айқындалады. Сондықтан біздің ортақ күшіміз бен қолдауымыз тұрақты және жүйелік болғаны өте маңызды.

Орталық Мансапты дамыту жөніндегі семинарлар мен Кәсіби даму бағдарламасын іске асыру арқылы студенттердің өмірлік және кәсіптік дағдыларын дамытады. Орталық жұмыс берушілермен іскерлік байланыстарды орнату, Университетте рекрутингтік іс-шараларды, компаниялар презентацияларын, экскурсияларды жәе т.б. іс-шараларды ұйымдастыру арқылы студенттер мен түлектердің жұмысқа орналасуына өз үлесін қосады.

Веб-сайтқа өту