Құрметті NU қауымдастығы!
Жаһандық байланыстар департаменті БҰҰ Университетінің Ректоры, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының орынбасары, профессор Тшилидзи Марваланың (Tshilidzi Marwala) «Тұрақты даму мақсатындағы жасанды интеллект: университеттер мен жастардың рөлі» тақырыбындағы қонақ дәрісіне шақырады.
Дәріс барысында тұрақты дамуға қол жеткізудегі жасанды интеллектінің мүмкіндіктері, сондай-ақ жасанды интеллектінің болашағын қалыптастырудағы университеттер мен жастардың рөлі қарастырылады.
Спикер туралы:
Профессор Тшилидзи Марвала – БҰҰ Университетінің Ректоры және Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының орынбасары. Бұған дейін Йоханнесбург университетінің вице-канцлері қызметін атқарған. Кембридж университетінде PhD докторлық дәрежесін, ал Претория университетінде машина жасау саласы бойынша магистр дәрежесін алған.
Оның ғылыми зерттеулері жасанды интеллектіні инженерия, экономика, қаржы, медицина және әлеуметтік ғылымдар сияқты түрлі салаларда қолдануға арналған.
Профессор Марвала БҰҰ Бас хатшысының Ғылыми-консультативтік кеңесінің мүшесі, 30-дан астам кітаптың авторы және бес патенттің бірлескен иесі. Ол Америка өнер және ғылым академиясының, Дүниежүзілік ғылым академиясының, Оңтүстік Африка ғылым академиясының және Африка ғылым академиясының мүшесі, сондай-ақ Қытай ғылым академиясының мүшесі.
Дәріске қатысу үшін алдын ала тіркелу қажет. NU қауымдастығының барлық қызығушылық танытқан мүшелерін алдын ала тіркелуге шақырамыз. Тіркелген қатысушылардан дәріске уақытылы келіп, қатысуға жауапкершілікпен қарауды сұраймыз.
Тіркелу формасына сілтеме арқылы өтуге болады.
Сіздерді дәрісте асыға күтеміз!
