Nazarbayev University Қоғамдық пікірді зерттеу институтымен бірлесіп, қауымдастық өкілдерін «Орталық Азиядағы көші-қон үрдістері: сыртқы және ішкі әсер етуші факторлар» атты зерттеу семинарына қатысуға шақырады.
Семинар көші-қон саясаты саласында жұмыс істейтін зерттеушілерді, академиялық орта өкілдерін, саясаттанушыларды, мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдардың өкілдерін біріктіреді. Қатысушылар Орталық Азиядағы қазіргі көші-қон үрдістерін талқылап, көші-қон процестеріне әсер ететін негізгі сыртқы және ішкі факторларды қарастырады, сондай-ақ аймақтағы халық қозғалысының жаңа бағыттарын зерделейді.
Іс-шара модераторлары — Kares Shenk (Nazarbayev University) және Ботагөз Ракишева (Қоғамдық пікірді зерттеу институты).
Семинар Орталық Азияның болашағына әсер ететін маңызды әлеуметтік-экономикалық мәселелердің бірі бойынша пікір алмасу мен тәжірибе бөлісуге мүмкіндік береді.




