Сіздерді Nazarbayev University Жоғары бизнес мектебіндегі Қаржы саласындағы ғылым магистрі (MSc in Finance) бағдарламасымен танысуға арналған алдағы ақпараттық сессиямызға шақырамыз!
Қаржы саласындағы біліміңізді тереңдетіп, кәсіби мүмкіндіктеріңізді кеңейту үшін магистратурада оқуды қарастырып жүрсіз бе?
Бағдарламамен танысу, оқуға түсу талаптары туралы білу және MSc in Finance бағдарламасының кәсіби мақсаттарыңызға жетуге қалай көмектесетінін түсіну үшін бізге қосылыңыз.
Ақпараттық сессия барысында сізде мынадай мүмкіндіктер болады:
- Оқытушылармен кездесіп, бағдарламаның оқу жоспарымен және негізгі ерекшеліктерімен танысу;
- Бағдарлама түлектерімен байланысып, олардың тәжірибесі туралы білу;
- Қаржы саласындағы түлектерге қолжетімді мансаптық мүмкіндіктерді зерделеу;
- Қабылдау талаптары мен қолжетімді стипендия мүмкіндіктері туралы сұрақтарыңызға жауап алу.
