NU Медицина мектебіндегі Ашық есік күні

Ұйымдастырушы туралы ақпарат:

School of Medicine
Bauyrzhan Seitbayev | Senior Manager for Academic and Student Affairs

Nazarbayev University-де медицина және денсаулық сақтау әлемімен танысыңыз!

Nazarbayev University Медицина мектебі медицина және денсаулық сақтау саласында білім алуға қызығушылық танытатын талапкерлерді, жоғары сынып оқушыларын, ата-аналарды және барша ниет білдірушілерді Ашық есік күніне шақырады.

Бұл іс-шара барысында сіз NU Медицина мектебінің білім беру бағдарламаларымен танысып, оқуға түсу талаптары мен шәкіртақы алу мүмкіндіктері туралы ақпарат ала аласыз. Сондай-ақ оқытушылармен және студенттермен кездесіп, заманауи оқу аудиториялары мен зертханаларды аралауға мүмкіндік аласыз.

Бұдан бөлек, NUSOM студенттік клубтары ұйымдастыратын интерактивті іс-шаралар мен шеберлік сабақтарына қатысып, NU Медицина мектебінің академиялық ортасы мен студенттік өмірімен жақынырақ таныса аласыз.

Қатысу үшін тіркеу формасын толтыруыңызды сұраймыз

Сіздерді NUSOM Open House Day іс-шарасында асыға күтеміз!

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53