Nazarbayev University THE Arab Universities Summit 2026 саммитіне қатысады

Nazarbayev University THE Arab Universities Summit 2026 халықаралық жоғары білім беру саммитіне қатысады. Саммит жоғары білім берудегі ынтымақтастық, инновациялар мен академиялық жетістіктерді талқылау үшін университет басшыларын, саясаткерлерді, мемлекеттік органдардың өкілдерін және бизнес саласының сарапшыларын біріктіреді.

Саммит барысында жоғары білім берудің болашағына әсер ететін негізгі мәселелер, соның ішінде жаһандық сын-қатерлерді шешу, институционалдық бедел мен нәтижелілік, инновациялар мен өзгерістерге ықпал ету, сондай-ақ студенттердің оқу нәтижелері талқыланады.

Бағдарлама аясында THE Arab University Rankings 2027 рейтингі ресми түрде таныстырылып, рейтингтер бойынша өзекті деректер мен талдауларға арналған мастер-класс және THE Awards Arab World 2026 марапаттау рәсіміне арналған гала-кеш өтеді.

NU өкілі:
Рехан Садиқ, Nazarbayev University Провосты және құрылыс инженериясы профессоры, саммит спикерлерінің қатарында.

Толығырақ оқу

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53