Функционалдық орталық шектік теоремалар және олардың қолданылуы

Ұйымдастырушы туралы ақпарат:

School of Computing and Artificial Intelligence
Saida Dyussebayeva | Senior Manager

Компьютерлік ғылымдар және жасанды интеллект мектебі (NU SCAI) профессор Қайрат Мыңбаевтың «Функционалдық орталық шектік теоремалар және олардың қолданылуы» тақырыбындағы баяндамасына арналған кезекті апталық семинарға шақырады.

Қазіргі эконометрика мен статистикада іріктеме көлемі ұлғайған сайын бағалауыштар мен тестілік статистикалардың қалай өзгеретінін зерттейтін асимптотикалық теория маңызды рөл атқарады. Оның негізгі құралдарының бірі — функционалдық орталық шектік теорема. Бұл теорема кездейсоқ шамалардың тиісті түрде нормаланған жинақталған қосындыларының жеке бір нүктеде ғана емес, тұтас траектория ретінде Броун қозғалысына немесе оның функциясына жинақталуын сипаттайды.

Семинар барысында профессор Қайрат Мыңбаев детерминделген салмақтары бар қосындылар мен квадраттық формаларға арналған жаңа функционалдық орталық шектік теоремаларды таныстырады. Бұл зерттеулер Lᵖ-жуықтаушылыққа негізделген алдыңғы ғылыми жұмыстарға сүйенеді. Алынған нәтижелер әртүрлі жинақталу тұжырымдары үшін жалпы теориялық негіз қалыптастырады. Бірыңғай тәсіл аясында уақыттық қатарлар эконометрикасындағы бірқатар белгілі нәтижелер, сондай-ақ детерминделген регрессорлары бар векторлық авторегрессиялық модельдердегі ең кіші квадраттар әдісі бойынша алынған бағалауыштардың асимптотикалық қасиеттеріне қатысты жаңа нәтижелер қарастырылады.

  • Спикер: профессор Қайрат Мыңбаев, физика-математика ғылымдарының докторы

Асимптотикалық теория саласындағы жаңа зерттеу нәтижелерімен және олардың эконометрика мен статистикада қолданылуымен танысу үшін семинарға қатысуға шақырамыз. NU қауымдастығының осы тақырыпқа қызығушылық танытқан барлық мүшелерін күтеміз!

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53